Түркия Еуразияның басты көлік хабына айналуды көздейді

Әлемде
07.07.2026, 09:39
Сурет: ашық дереккөзден

Түркия мен Еуропалық одақ өткен аптада елдің теміржол саласындағы интермодальды тасымалдарды дамытуға бағытталған бірлескен жобаны сәтті аяқтады. Жоба жүк тасымалының тиімділігін арттырып, көлік инфрақұрылымына алдағы инвестициялардың негізін қалауды мақсат етеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Анкарада жобаның жабылу рәсімінде Еуропалық комиссияның кеңею және көршілік саясаты жөніндегі комиссары Марта Кос Еуропалық одақ пен еуропалық қаржы институттарының қолдауымен Түркияда шамамен 1 мың шақырым теміржол жаңғыртылып, тағы 156 шақырым жаңа теміржол желісі салынғанын айтты.

Алайда бұл Түркия жүзеге асырып жатқан ауқымды жаңғырту жұмыстарының бір бөлігі ғана. Елдің Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлудың айтуынша, соңғы 24 жылда көлік және инфрақұрылым саласына 355 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған.

Осы кезеңде елдегі теміржол желісінің ұзындығы 2002 жылғы шамамен 11 мың шақырымнан бүгінде 14 мың шақырымға дейін ұлғайған. Қазір тағы 4 164 шақырым теміржол құрылысы жалғасып жатыр.

Түркия 2028 жылға қарай теміржол желісінің ұзындығын 17 287 шақырымға жеткізуді жоспарласа, 2053 жылға қарай бұл көрсеткішті 30 мың шақырымға жуықтатуды көздеп отыр.

Министр Абдулкадир Уралоғлу Түркияның Еуразиядағы негізгі көлік-логистикалық хабқа айналу мақсатын тағы бір мәрте атап өтті.

«Бір жағынан, біз Орталық Азия мен Қиыр Шығыстан Еуропаға бағытталған Орта дәлізді байланыстырып отырмыз. Екінші жағынан, Парсы шығанағы өңірі мен Басра портын Түркия және Еуропамен ұзындығы 1 200 шақырым болатын теміржол және автомобиль жолдары арқылы жалғауды жоспарлап отырмыз. Бұл бағытта Еуропалық одақпен ынтымақтастық біздің жұмысымызды жеңілдетеді», – деді министр.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады