Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады

Әлемде
02.09.2026, 11:25
Фото: Visit Brasov Romania, Club Feroviar

Қытайдың CRRC компаниясы құрастырған SFEMU-EU01 электр пойызы Румынияда тұрақты жолаушылар тасымалына шықты. Үш вагоннан тұратын құрам тамыз айының ортасынан бері Бухарест – Брашов бағыты бойынша қатынайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойызды Astra Vagoane вагон жасау компаниясының еншілес кәсіпорны Astra Trans пайдалануда. Құрам тәулігіне екі жұп рейс орындайды. Екі қала арасындағы 167 шақырымды 2 сағат 35 минутта жүріп өтеді. Жекелеген учаскелерде оның жылдамдығы сағатына 140 шақырымға дейін жетеді.

Электр пойызының конструкциялық жылдамдығы 160 км/сағ. Оның сегіз асинхронды тартқыш қозғалтқышының жалпы номиналды қуаты 2200 кВт. Вагондарда 210 отыратын орын бар. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған санитарлық торап пен көпфункционалды алаңдар қарастырылған.

Пойыз ұлттық автоблоктау жүйесімен қатар, Еуропаның ETCS қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ құрам Еуропалық одақтың TSI және EN талаптарына сәйкес келеді.

Бұл пойыздың тарихы 2021 жылдан басталады. Сол кезде CRRC Румыния нарығына шығу мақсатында Astra Vagoane компаниясымен бірлесіп, 80-ге дейін аймақаралық пойыз жеткізуге арналған ірі тендерге қатысқан. Қытайлық компания ең жоғары ұпай жинағанымен, кейін шағымдар мен апелляциялардан соң конкурсқа қатысудан шеттетілді.

Румыния билігі ол кезде ұлттық және еуропалық қорлар есебінен қаржыландырылатын жобаларға Еуроодаққа кірмейтін елдердің компаниялары қатыса алмайды деген ұстаным білдірген. Алайда 2025 жылы Еуропалық Одақ соты мұндай шектеулерді тек ЕО деңгейінде енгізуге болатынын айтып, CRRC ұстанымын қолдады. Соған қарамастан тендер нәтижесі өзгерген жоқ, жеңіс Alstom компаниясына берілді.

Ал жалғыз SFEMU пойызы 2024 жылы Румынияға жеткізіліп, сынақтан өтті. 2026 жылдың маусымында оның сертификаттаудан өткені белгілі болды. Қазір пойыз нақты жолаушылар тасымалына пайдаланылып отыр. Ал мұндай құрамдардың бұдан әрі жеткізілетіні туралы әзірге ақпарат жоқ.

Айта кетерлігі, SFEMU Еуропада пайдаланылып жүрген Қытай өндірісіндегі моторвагонды жылжымалы құрамның алтыншы моделі болды. CRRC пойыздары бұған дейін Солтүстік Македония, Чехия, Австрия және Сербияда да қолданысқа енгізілген.

Бұл ретте Еуропалық одақта CRRC компаниясының нарықтағы ықпалын шектеу және Қытайдан жылжымалы құрам сатып алуға қойылатын талаптарды күшейту мәселесі талқыланып жатыр.

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады