Шығыс темір жолы Шәуешекке жалғанбақ
Новости
31.03.2017, 10:05
Қазақстан мен Қытай арасында үшінші теміржол өткелі пайда болатыны жайлы қауесет шындыққа айналатын сыңайлы. Дәл қазір «Аягөз – Тачэн – Қарамай» транзиттік теміржол құрылысын салу қызу талқыланып жатыр.
Еске сала кетсек, осыдан біраз бұрын, нақтырақ айтсақ, 2015 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан мен Қытай Үкіметі арасында 2015 – 2020 жылдарға арналған шекара маңындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қою туралы арнайы қаулы қабылданғаны белгілі. Оның аясында жаңа бағдарламаның жобасы мақұлданып, оның бір басымдығы ретінде «өзара байланыс дәліздерін» құру ісі атап көрсетілген болатын.
Сол кездегі ҚР Премьер-министрінің қолымен бекітілген № 1004 жаңа қаулы бірден қолданысқа енгізілген болатын. Яғни, аталмыш құжат негізінде қос тарап арасында басты екі мәселе бойынша өзара іс-қимыл жүргізу межеленген. Атап айтсақ, «Достық – Алашанькоу», «Алтынкөл – Қорғас» теміржол өтпелерінің өткізу қабілетін ұлғайтуға және ҚХР ШҰАР-ның Алтай мен Тачэн (Шәуешек) округтерін еліміздің Шығыс Қазақстан облысына қосатын теміржол құрылысын зерделеу шаралары белгіленді. Міне, осы соңғы мәселе бойынша, Қытай мен Қазақстан арасын жалғайтын үшінші теміржол құрылысын салу жобасы аясында шығыста бірқатар ілкімді шаралар жүргізді.
Осыған дейін құрылыс жүргізуге қолайлы, яғни болашақ халықаралық теміржол телімі ретінде қарастырылған Шар – Майқапшағай – Зимунай, Жаңғызтөбе – Майқапшағай – Зимунай жобалары тиімділігінің төмен болуы себепті аталмыш құжатқа енгізілмеген болатын. Оның орнына «Жаңғызтөбе – Зайсан – Зимунай», «Аягөз – Тачэн – Қарамай» (Шәуешек) темір жолы құрылысының мүмкіндіктерін зерделеу қарастырылған-ды.
Ал осы екі тармақ ішінде Аягөзден Бақты кеден бекеті арқылы Қытай еліне, Тачэн қаласына шығудың тиімділігі бірінші кезекте қарастырылуда. Бұл – аталмыш құрылыс жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының де шешімі. Себеп сол, ежелден сауда керуенінің күре жолы саналатын Аягөз станциясымен Шәуешек қаласының аралығы небары 270 км ғана құрайды. Ал, Ресейдің Сібір бөлігіне ашылар қақпа саналатын Семей шаһарына дейін 620 км болады. Бақты кеден бекеті мен Қытайдың батыс бөлігіндегі ең ірі өнеркәсіптік қаласы Үрімжі мегаполисінің арасы да осы шамада, 621 км.
Қысқасы, өңірлік-географиялық тұрғыдан аса қолайлы, транзиттік қатынастарды дамытуға, тауар айналымын арттыруға орасан мүмкіндік береді деп болжанып отырған осынау халықаралық магистраль арқылы Солтүстік батыс Қытай мен Ресейдің және Еуропа елдерінің арасы әлдеқайда жақындай түспек. Яғни, уақыт ұтуда тиімділігі мол, төтелей тартылатын жол саналады.
Дәл осындай пікір жуырда «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаев пен ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың Қытай елінің ШҰАР аймағына жасаған жұмыс сапарында да айтылды. Қос тарап шекара түбіндегі Шәуешек қаласында «Аягөз – Тачэн – Қарамай» транзиттік теміржол құрылысын салу мәселесін бірігіп талқылады. Қытай Үкіметі де аталмыш жобаның тиімділігін мақұлдап отырған көрінеді. Тіпті, экономикалық пайданы есептеп те қойыпты. Көрші ел мамандарының болжамы бойынша аталмыш жоба жүзеге асса шекарадан өтетін жүк тасымалының жалпы көлемін 2020 жылдың өзінде 1,85 млн тоннаға, ал 2030 жылы 3 млн тоннадан асыруға мүмкіндік бар екен.
Екіжақты келіссөз барысында Аягөз – Бақты телімі бойынша теміржол желісін салу жобасы жөнінде алдын ала зерттеу жұмыстарын бірігіп жүргізу туралы арнайы меморандумға қол қойылды. Тың жоба жүзеге асар болса жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, бірінші кезекте, Қытайдың батыс өлкесі мен еліміздің, Ресей мен Еуропа елдері арасындағы жүк және жолаушы тасымалы ағынына кететін уақыт пен шығынды азайтады деп болжам жасалып отыр. Алайда, жаңа жоба әлі де жіті сараптауды, тыңғылықты пысықтауды қажет етеді. Егер ел Үкіметі мақұлдар болса, Қытай тарапы аталмыш құрылысқа инвестиция құюға әзір екендіктерін де білдіруде.
Ал біздің тарап бойынша атқарылуы тиіс жұмыстар әлі де нақтылануда. Бұл ретте «ҚТЖ - ЖТ» АҚ «Семей жүк тасымалы» бөлімшесіне әзірге нақты ұсыныстар мен міндеттемелер түскен жоқ. Яғни, аталмыш жоба үкіметтік деңгейде шешілуде.
Айта кетерлігі, осыған дейін Қытай Үкіметі Солтүстік Шыңжаң темір жолының бір тармағы ретінде Қарамай – Тачэн қалалары арасында жобалық құны 3,6 млрд юань болатын, жалпы ұзындығы 306 км құрайтын телім құрылысын жүргізіп шыққан-ды. Ендігі меже – байырғы Түрксіб темір жолына шығу арқылы жүк тасымалының жаңа ағынын қалыптастыру болып отыр.
Қорыта айтқанда, қазіргі күнгі екі ел арасындағы жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелілігіне сүйенсек, Аягөз – Тачэн – Қарамай теміржол құрылысы жобасының таяу болашақта жүзеге асатынына сенімділік басым.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Спорт
20.04.2026
Турнир по асык-ату среди железнодорожники прошел в Уральске
Регионы
20.04.2026
Субботники в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» прошли в Карагандинской области
Спорт
20.04.2026
Столичные железнодорожники отметили Всемирный день здоровья
Регионы
20.04.2026
Костанайское отделение магистральной сети определило задачи по развитию вокзального хозяйства
Социум
18.04.2026
Социальная поддержка: стартует программа доступного жилья для железнодорожников
Новости
17.04.2026
Весенний комиссионный осмотр стартовал в Акмолинском регионе
Регионы
17.04.2026
Безопасность движения на железной дороге обсудили в Уральске
Регионы
17.04.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо подвело итоги первого квартала
Грузовые перевозки
17.04.2026
Казахстан увеличил объем грузоперевозок до 240 млн тонн
Пассажирские перевозки
17.04.2026
В АО «Пассажирские перевозки» рассказали журналистам о подготовке поездов к летнему сезону
Новости / Архив
17.04.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №29 от 17 апреля 2026 года
Новости
16.04.2026
Транспортная полиция пресекла 25 тысяч административных правонарушений
Инфраструктура
16.04.2026
Об инновациях в стрелочных переводах рассказали в Минпромстрое
В мире
16.04.2026
Более 53 тысяч поездов прошли через Алашанькоу за 15 лет
Регионы
16.04.2026
Железнодорожники и спасатели обсудили подготовку к пожароопасному сезону
КТЖ в лицах
16.04.2026
Непрерывное обучение, 20-летний опыт и карьерный рост: история ведущего инженера Даны Жакишевой
Грузовые перевозки
16.04.2026
Объем железнодорожных перевозок между Казахстаном и Китаем вырос на 9,3%
Регионы
16.04.2026
Месячник «Человек на пути» стартовал в Оскеменском эксплуатационном локомотивном депо
Новости
16.04.2026
Семинар по мобилографии для молодых железнодорожников прошел в Астане
Регионы
15.04.2026
Пожарно-тактические учения прошли на станции Костанай