Қытай Аягөз-Бақты теміржолын салуға ниетті

Инфрақұрылым
13.09.2022, 12:14
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Аягөз-Бақты теміржолын салу жобасы тағы бір маңызды кезеңге көтерілді. Жоба Қытайдың Үрімжі қаласында онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылған «Қытай-Еуразия» VII ЭКСПО көрмесінде қозғалды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жалпы, Қытай тарапы осыған дейін де Аягөз-Тачэн теміржолын салу бойынша мүдделілік танытып келген болатын. Бұл ретте ҚХР-мен шектесетін жаңадан құрылған Абай облысы да өңіраралық қатынастарды нығайтуға мән беруде. Осы орайда көрме барысында екі аймақтың басшылығы өзара тиімді ынтымақтастық жүргізу бойынша арнайы хаттамаға қол қойды. Оның ішінде негізгі үш басымдыққа мән берілген. Соның екіншісі – екі аймақтың арасындағы ыңғайлы географиялық орналасуға байланысты транзиттік әлеуетті дамыту мәселесі болып отыр. Яғни, көлік-логистикалық ынтымақтастық саласында алдағы уақыттарда қолға алынуы тиіс Аягөз-Бақты-Тачэн бағыты бойынша темір жол құрылысы жобасын бірлесіп жүзеге асыру күн тәртібіне қойылды. Соның қатарында «Бақты» шекара бекетінде әкімшілік рәсімдерді оңайлату үшін тексеруден өтудің жеделдетілген режимі және шекарадан өту алгоритмдері де қарастырылды. 

Аталған теміржол телімін салуға қытай тарапы толықтай әзір отыр. Осыған дейін қытайлық компаниялар Аягөз бен Бақты аралығында құрылыс жүргізуге де ниетті екендіктерін білдіргенді. 

Осылайша ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен Қазақстанның Абай облысы арасында берік байланыстар орнату, көлік-транзиттік және сауда-экономикалық қатынастарды нығайту жұмыстары жаңа белеске көтерілді деуге негіз бар.

 

Аймақтар
02.08.2026
Маңғыстау жол дистанциясының ашылғанына алпыс жыл
ҚТЖ келбеті
02.08.2026
«Машинистер ұстаханасынан» шыққан майталман маман
Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы