ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты

Инфрақұрылым
21.07.2026, 08:35
Оқуға 2 мин

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ теміржол инфрақұрылымын жоспарлы жаңартуды жалғастыруда. 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында 686 км жол жөнделді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр, маусымның соңына дейін 1 577 км жаңарту жоспарлануда.

Жолдарды жөндеу қозғалыс қауіпсіздігін және пойыздар жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Биыл желінің бірнеше учаскелерінде қозғалыс жылдамдығын: «Тальго» вагондары бар пойыздар үшін 400 км жолға, басқа жолаушылар пойыздары үшін – 500 км, контейнерлік және жүк пойыздары үшін – 350 км арттыру жоспарлануда. 

Жолдың жоғарғы құрылымын жаңғырту жалғасуда. 2026 жылы ағаш шпалдардағы 268 км жол серпімді бекіткіштері бар темірбетон шпалдарға ауыстырылады. Бұл шешім жолды сенімдірек әрі берік етіп, жолтабандардың ұзақ сақталуына көмектеседі, дірілді азайтады және пойыздардың жайлы қозғалысын қамтамасыз етеді.

Теміржол инфрақұрылымының жай-күйін мамандар қазіргі заманғы функцияларды біріктіретін жол өлшегіш вагондар мен дефектоскоп вагондарының мобильді диагностикалық кешендері көмегімен бақылайды. Олар рельстердегі ақауларды тез анықтауға мүмкіндік береді, бұл пойыздар қауіпсіздігін арттырады.

Инфрақұрылымды жаңарту бойынша дәйекті жұмыс қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже беруде. 2025 жылы 1 480 км жоспармен 1 575 км жол жөнделді. Үш жыл ішінде- 2023 жылдан 2025 жылға дейін 4 448 км теміржол жолы жаңартылды, бұл жоспарланған көлемнен 234 км артық.

Жүргізілген жұмыстар арқасында теміржол желісінің техникалық жағдайы жақсарды. Пойыздар жүру жылдамдығы жалпы ұзындығы 610 км учаскеде артып отыр. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды