Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады

Инфрақұрылым
27.08.2026, 09:29
Сурет: Gov.kz
Қазақстан теміржолшысы

Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық байланыс жаңа бағыттармен толығып келеді. Екі ел су ресурстарын басқару, көлік-логистика, сауда және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуге ниетті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл мәселелер Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Сингапурдың аға министрі Ли Сянь Лунның кездесуінде талқыланды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Сянь Лунның келіссөздері кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне де назар аударылды.

Кездесуде екіжақты сауда мен инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі қарқыны оң бағаланды. Былтыр Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 1 миллиард долларға жуықтаған. Ал 2026 жылдың алғашқы алты айында бұл көрсеткіш 777 миллион долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өскен.

Инвестициялық байланыс та айтарлықтай күшейген. 2025 жылы Сингапурдан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі екі есеге өсіп, шамамен 1,5 миллиард долларды құрады.

Тараптар сауда құрылымын одан әрі әртараптандыруға және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік мол екенін атап өтті. Әсіресе агроөнеркәсіп, көлік-логистика, цифрландыру және жасанды интеллект перспективалы бағыттар ретінде қарастырылды.

Олжас Бектенов Қазақстан үшін цифрлық трансформацияның стратегиялық басымдық екенін атап өтті. Оның айтуынша, Президент 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған. Қазақстан алдағы үш жылда жасанды интеллектіні кеңінен енгізу арқылы толық цифрлық экономика қалыптастыруды көздеп отыр.

Сингапур тарапы да Қазақстандағы экономикалық өзгерістер мен жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге қызығушылық білдірді. Ли Сянь Лун екі ел арасындағы сауда мен инвестиция көлемінің артып келе жатқанын айтып, үкіметтер арасындағы жақсы қарым-қатынас бизнес үшін жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Кездесу қорытындысында екі маңызды құжатқа қол қойылды.

Бірінші келісім Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Singapore Cooperation Enterprise арасында жасалды. Құжат қалалық су ресурстары мен қалдықтарды орнықты басқару саласында мамандардың әлеуетін арттыруға бағытталған арнайы бағдарлама бойынша ынтымақтастықты көздейді.

Бұл бағыт Қазақстан үшін ерекше маңызды. Су тапшылығы мен су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі Орталық Азиядағы елдер үшін барған сайын өзекті болып келеді. Сингапурдың су қорын басқару және қайта пайдалану жөніндегі тәжірибесі Қазақстан үшін практикалық тұрғыдан пайдалы болуы мүмкін.

Екінші құжат Middle Corridor Multimodal Ltd пен Singapore Cooperation Enterprise арасында жасалды. Тараптар мультимодальды тасымалдар, сауда рәсімдерін жеңілдету және цифрландыру бағыттарында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл келісімнің Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар. Себебі Орта дәліз, яғни Транскаспий халықаралық көлік бағыты, Азия мен Еуропаны байланыстыратын маңызды балама маршруттардың біріне айналып келеді. Оның тиімділігі тек теміржол мен теңіз тасымалына емес, бүкіл көлік және сауда экожүйесінің цифрлық тұрғыда қаншалықты үйлесімді жұмыс істейтініне байланысты.

Жаңа меморандум осы бағыттағы тасымалдарды жетілдіруге, сауда процестерін цифрландыруға және көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға бағытталған.

Жалпы, қол қойылған құжаттар Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастықтың дәстүрлі сауда шеңберінен шығып келе жатқанын көрсетеді. Бір жағынан, Сингапурдың су ресурстарын басқару тәжірибесі қазақстандық мамандарға берілсе, екінші жағынан, оның цифрландыру және логистика саласындағы тәжірибесін Орта дәліздің дамуына пайдалану мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Тараптар қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін растады. Ендігі мәселе қол қойылған келісімдердің нақты жобаларға қаншалықты тез айналатынында.

Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді