Нұргүл Жақсыбаева, еңбек қорғау инженері: Жұмысшылардың үйлеріне аман оралуына дейін қадағалап отырамыз

Инфрақұрылым
21.01.2019, 18:39

Астана белгі беру және байланыс дистанциясында соңғы 5 жылда жарақат алу фактілері болған жоқ. Дистанцияның жетекші еңбек қорғау инженері Нұргүл Жақсыбаева мұны үлкен жетістік деп санайды.  

          Мекемедегі оң өзгерістер қызметкерлерді аттестациялау, оқыту, еңбек жағдайын жақсарту жұмыстарының дұрыс жолға қойылғандығының арқасында болатыны сөзсіз.

– Былтыр мекеменің санитарлық тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларының ұйымдастыруымен мекемедегі қызметкерлердің тамақтанатын орындарына үстелдер, орындықтар, тоңазытқыштар, қысқа толқынды пештер, қол жуғыштар, су жылытқыштар, электр жылытқыштар, киім ілетін, кептіретін, ыдыс аяқ қоятын шкафтар, тумбалар жаңадан сатып алынды. Бұл еңбек жағдайын біршама жақсы жағына көтеріп тастады, – дейді еңбек қорғау инженері.

          Дистанция мамандары бес жылда бір рет аттестациядан өткізіледі. 2013 жылы және былтыр аттестациялау жүргізілді. Инженердің айтуынша, 40 жұмыс орны аттестациядан өткізілген. Зиянды деп танылған өндірісте еңбек ететін 49 адам сүт өнімдерімен қамтамасыз етілген. Жалпы бір шеті Едіге станциясынан басталып, Еркіншілік, Сарыоба, Жайнақ, Тастақ, Қараадыр станциялары телімдерін қамтитын дистанцияда барлығы 340 адам жұмыс істейді.

 ШЧ-16 мекемесінде де еңбек қорғау саласындағы жұмыстар ұлттық компания бойынша баршаға ортақ өндірістік қауіпсіздікті басқарудың 2017 жылдан бергі 6 стандартына сәйкес жасалады. Дистанцияда бұрын қауіпсіздік күні ай сайын өткізіліп келген болса, аталған стандарт қолданысқа енгелі әрбір он күн сайын жүргізілетін болды.

– Қауіпсіздік күнін өткізу үшін алдымен жоспар құрылады. Оның аясында, дистанцияның техникалық штатымен «Жарақат алушылық жағдайына талдау жүргізу» бойынша қайтадан жұмыстар жүргізу, еңбек қорғау бойынша техникалық штаттан сауалнама алу және техникалық сабақтар өткізу, «Белгі беру және байланыс шаруашылығында техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитария ережелері» атты бұйрық бойынша жұмысшыларды үйіне аман-сау жетуі қадағаланып, қауіпсіздік техникалары мұқият сақталады, – дейді Н.Жақсыбаева.

         Сонымен қатар қауіпсіздік күндері аясында аяқ шығып кету немесе сыну, сіңірін созып алу, бас соғылып, ми шайқалу, т.т. сынды оқыс оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары түсіндіріледі. Өндірістік телімдер мен цехтарда еңбек қорғау жағдайын тексеру, әсіресе, журналда тіркеліп, тексеруде анықталған кемшіліктерді жою реті қарастырылады. Жұмысшыларды арнайы киім және аяқ киімдермен қамтамасыз ету және олардың сол киімдерді міндетті түрде кию жағы қадағаланады. Клиникалық өлім кезінде ағзаны тірілту жолдары – жасанды дем беру, жүрек тұсына массаж жасау сынды алғашқы көмек беру тәсілдері туралы айтылады. Қорғаныш құралдары мен дәнекерлеу құралдарын тексеру, олардың жарамдылығы, қолдану мерзімі, хаттамаларының, актілерінің болуы да назарға алынады. Бұдан бөлек еңбек қорғау инженері дистанция телімдерінде жоспардан тыс және аяқасты тексерулерге шығады.

          Еңбек қорғау мамандары 2019 жылға еңбек жағдайын жақсарту және санитарлық сауықтыру шараларының кешенді жоспарын жасаған. «Оның ішіндегі шаралар тізімінде жылжымалы құрамның жұмыс істеп жатқандарды басып кетуін ескерту туралы жұмыстар бар. Ол үшін пойыздың жақындап келе жатқанын хабарлау мақсатында дыбыстық белгі беру үшін арналған аккустикалық хабарлағыш орнату және тағы басқа жұмыстар реті сөз болады. Сонымен қатар парктік байланыс сапасын жақсарту, жол жәшіктері мен релелік, батареялық шкафтарды, КТСМ қосындарына қоршау дайындау, жөндеу, электр құрылғылары мен жабдықтарын ережеге сай ревизиялау, электр сымдарын қорғаныш, монтаж құралдарын жаңарту және тағы да басқа шаралар қарастырылған», – дейді еңбек қорғау инженері.

           Бағдаршамдар мен түрлі белгі беру құрылғыларымен жұмыс барысында байланысшылар жоғары вольтты электр қуатымен жұмыс істейді. Сондықтан электр қауіпсіздігі бойынша оқытуға зор көңіл бөлініп, ережелер қатаң сақталады екен. Барлық электр механиктері мен монтерлердің өздерімен бірге жеке аспаптарын алып жүруі, қорғаныш құралдары мен тиісті жабдықтарының түгел болуы жіті бақылауда болады. Сонымен қатар олардың өзімен бірге ЕҚ, ЭҚ бойынша куәліктерін алып жүруге тиіс. Мекемеде бүгінде 40 алғашқы қыстаушы маман жұмыс жасап жатыр, олардың бәрі де арнайы жұмыс киімімен қамтамасыз етілген жане олардың әрқайсысы тәжірбелі мамандарға бекітілген. Бүкіл цехтар еңбек қорғау бұрышымен жабдықталған.

          Айта кетсек, Астана белгі беру және байланыс дистанциясында былтыр 25 адам өндірістік қауіпсіздік, 33 маман еңбек қорғау және 5 қызметкер электр қауіпсіздігі бойынша «Темір жол көлігі мамандарын персоналды басқару және дамыту орталығында» оқып, білімін жетілдірген.

Ұлан ОРАЗ 


Жаңалықтар
05.07.2024
ҚТЖ жеке кассада билеттерді заңсыз қайта сату фактілерін анықтады
Темір жол тарихы
05.07.2024
Мұхаметжан Тынышпаевтың 145 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасуда
Әлеумет
05.07.2024
Теміржолшылардың балалары елордаға саяхаттады
Жаңалықтар
05.07.2024
«ҚТЖ-100 жас есім»: үшінші кезеңге іріктеу басталды
Жаңалықтар
05.07.2024
Биыл 5,6 мыңнан астам жүк вагоны жөндеуден өтті
Аймақтар
05.07.2024
Ауыр техникалар жұмысты жеңілдетуде
Аймақтар
05.07.2024
Ерлікке тең ерен еңбек иелері
Жүк тасымалы
05.07.2024
Қазақстан – Қытай іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтті
Жаңалықтар
05.07.2024
Атырауда жүк вагондарын шығаратын зауыт ашылды
Жаңалықтар
05.07.2024
ШЫҰ саммитінде ТХКБ-ны дамыту құжатына қол қойылды
Жаңалықтар / Мұрағат
05.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №56 05 шілде 2024 жыл
Жаңалықтар
04.07.2024
ҚТЖ мен Қытай көлік министрлігі басшылығы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
ҚТЖ келбеті
04.07.2024
Қырағы вагон қараушы
Инфрақұрылым
04.07.2024
110 жыл бұрын қаланған станцияда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтар
04.07.2024
Сұйытылған газ тасымалы ерекше бақылауда
Жаңалықтар
03.07.2024
Си Цзиньпин: Транскаспий дәлізі үшінші трансшекаралық темір жол құрылысын жеделдетеміз
Жаңалықтар
03.07.2024
ТХКБ Еуразия құрлығындағы көлік-логистика қатынастарын дамытуға тың серпін береді – Тоқаев
Жаңалықтар
03.07.2024
Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий дәлізі бойынша теміржол контейнерлерін жөнелту телекөпіріне қатысты
Жаңалықтар
03.07.2024
ҚТЖ-ның «Жасыл істер марафоны» акциясына 1,5 мың қызметкер қатысты
Қауіпсіздік
03.07.2024
Өткелде мұқият болыңыз