Ауыр техникалар жұмысты жеңілдетуде

Аймақтар
05.07.2024, 11:12
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолының Шетпе станциясында жол бұрмасын ауыстыру жұмысына жолшылармен қатар жергілікті қалпына келтіру пойызы да тартылды. Станция басындағы №18 жол бұрмасын ауыстыру процесінде олардың ауыр техникасының көмегі көп болған.

Бұл – Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты №12 қалпына келтіру пойызының келісімшарт бойынша атқарған кезекті жұмыстарының бірі болатын. Мекеме биылғы алты айда келісімшарт бойынша 22 рет станциялардағы әртүрлі жұмыстарға қатысқан. Оның ішінде Маңғыстау жол дистанциясында бұрмаларды ауыстыру, ағаш шпалдар мен темірбетон шпалдарды түсіру, орындарын ауыстыру сияқты жұмыстар бар. Сондай-ақ Шетпе, Өзен, Қарақия станцияларында, №9, 11, 12, 13 бекеттерде темірбетонды шпалдар мен бұрмаларды ауыстыруға да қатысты. Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясына келген техниканы түсіру, Шетпе станциясында темірбетонды тіректерін құлату қызметтерін де атқарған.  

– Жақында, 27 маусым күні Маңғыстау жол дистанциясы Шетпе станциясындағы №18 бұрманы ауыстырды. Біз де бұл жұмыстарға ауыр техникаларымызбен барып қатыстық. Биылғы 22 келісімшарттың екеуін электрмен жабдықтау дистанциясында, қалғанын жол дистанциясында атқардық. Шетпеге пойызымызбен бірге 12 адам барды. Ескі ағаш шпал мен бұрмаларды алып, жаңасын салдық.  

Бұл жұмыстар шамамен бес сағатқа созылды, кранды жұмысқа дайындау, құру, негізгі міндетті атқару, жол мамандарының жұмысы бәрі осындай уақытты алды. Алда енді Қарақия және Шетпе станцияларында да бұрмаларды ауыстыруға жоспар бар. Қыс келгенге дейін осындай 5-6 жерге барамыз деген ойдамыз. Жол дистанциясына рельстер, шпалдар келеді. Соларды түсіреміз. Оларды орналастырып болғаннан кейін ескі бұрманы алып тастап, жаңасын саламыз. Осындай жұмыстарға қатысып өзіміз табыс табамыз және жергілікті мекемелерге техникамен көмектесеміз, – дейді №12 қалпына келтіру пойызының бастығы Маралбек Нұрмағанбетов.  

Пойыз бастығының айтуынша, аталған пойыз өткен жылы қосалқы жұмыстарды атқару есебінен 8 миллиондай теңге табыс тапқан. Пойыздағы қызметкерлер саны штат бойынша толық, техникалары сапта. Биыл ЭДК-300 краны Қарағандыда күрделі жөндеуден өтсе, жұмысшыларға арналған кластық вагон қазір Арыс станциясында деполық жөндеуде көрінеді. Келесі жылы жеті вагонды жөндеу жоспарда бар екен.  

 

Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті