ҚТЖ-да cұйытылған газды тасымалдау жөніндегі штабтың жоспардан тыс отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жиынға ҚР Энергетика министрлігі, Шымкент қаласы, Түркістан және Алматы облыстары әкімдіктерінің өкілдері, жүктерді жеке тасымалдаушы, мұнай өңдеу зауыттары мен вагон операторларының өкілдері қатысты.
«Кеңесте жүк тиелген және бос вагондарды уақтылы жеткізу бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Әр цистернаның қозғалысына диспетчерлік бақылау орнатылып, еліміздің барлық өңірлерінде ҚТЖ жауапты басшылары тағайындалды. Жағдай Компания бірінші басшыларының ерекше бақылауында», - делінген ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.