Ерлікке тең ерен еңбек иелері

Аймақтар
05.07.2024, 11:05
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

3 шілде – вагон шаруашылығының құрылған күніне орай ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосының Тараз қаласындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктіне бардық. Жұмыс күнін 8.15-те кезекті жоспарлаудан бастаған вагоншылар әрі қарай техникалық сабаққа кірісті.

Жалпы вагон қараушылар үшін техникалық қызмет көрсету пунктінде айына бір рет арнайы техникалық оқыту сағаты өтіп тұрады. Шілде айындағы кезекті практикалық дәріс сабағы вагоншылардың кәсіби мерекесіне тұспа-тұс келіпті.  

Техникалық сағатта вагоншылар мен слесарьларға дәріс оқылып, мамандар жолаушылар және жүк вагондарын қарау бойынша практикалық тұрғыда тәжірибе алмасты.  

– Жамбыл вагон пайдалану депосының вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттері Сарышаған, Шу, Түркісіб, Тараз, Қаратау, Жаңатас станцияларында орналасқан. Ай сайын өткізілетін техникалық оқу кезінде телеграмма, бұйрықтармен таныстырамыз. Барлық техникалық қызмет көрсету пункттеріндегі вагоншыларға 5 нұсқаушы арқылы тиісті нұсқаулықтар беріп отырамыз. Осындай техникалық оқуларда вагон қарау кезінде ақаулар анықталғанда орындалатын нұсқаулықтарды талқылаймыз. Қозғалыс кезінде автотіркегіштердің бұзылуына байланысты, тежегіштер істен шығып тоқтайтын пойыздар бар. Соған қатысты нұсқаулықтар береміз. Мысалы, вагон келіп тұр. Оны қалай тексереді, ақау табылған жағдайда ары қарай не істеуі керек, соны түсіндіреміз. Негізі вагондағы ақау пойыз қозғалғанда байқалады, – дейді депоның аға нұсқаушысы Ербол Манапов.  

Тараздағы техникалық пунктте әкімшілік ғимараты, шағын компрессорлық станция бар. Онда инженерлер, басшылардың жұмыс кабинеттерінен басқа, вагоншылардың киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелері бар. Пунктте әр ауысымда 35 адам жұмыс істейді, жалпы жұмысшылардың саны 150-ден асады. Депоға келген дипломды жас мамандар «ҚТЖ» ҰК» АҚ Тараз көлік оқу орталығы филиалы - Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығына оқуға жіберіледі екен. Бірнеше ай практика жүзінде оқу курстарынан өткен соң бас инженер барып, емтихан өткізіп қабылдап алады.  

– Білікті маман, жақсы вагоншы болу үшін слесарьдан бастап, кемі 3 жыл жұмыс істеуі керек. Қажетті практикалық дағдының бәрін вагонның қасында жүріп үйренеді. Әр вагонның қолданыстағы уақыты, физикалық жағдайына қарай, «мінезі» болады. Жұмысқа келген адам кемі жарты жыл оқып үйреніп, жұмыс барысында тәжірибе жинаған соң соны жазбай тани бастайды. Вагонның рельстен бір миллиметр ауытқуы үлкен қауіп тудырады. Ал вагоншылар қысы-жазы ашық далада аяз бен боран, аптап ыстыққа қарамай, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс, – деп түсіндірді аға нұсқаушы.  

Нұрахмет Бекжан бүгін күндізгі ауысымға түсіпті. Таңертең жоспарлауға дейін медициналық тексерістен өтіп үлгеріп, тиісті нұсқау алған вагон қараушыны жұмыс үстінде кездестірдік. Жаңа ғана келіп тоқтаған жүк пойызы вагондарын тексеруден өткізген ол нұсқау бойынша құжаттарды толтырып жатты.  

Нұрахмет Бекжанның айтуынша, вагон дөңгелегін балғамен ұрып тексергенде оның дыбысынан ақау бар-жоғы білінеді екен. «Бір вагонды қарап шығу үшін вагоншы 24 рет еңкейеді. Осының бәріне 2 минут уақыт беріледі. Ал кейбір пойызда 60 вагон бар, күніне 50 пойыз өтеді. Осы бір тәулікте вагон қараушы барлық вагонды қарап, анализ жасауы керек. Жазба жасап, тіркеп отыруы қажет», – дейді 7 жылдық тәжірибесі бар жас маман.  

Вагоншылардың бір вагон ағытқаны – жетістік, себебі бір қауіптің алдын алды деген сөз. Жүк пойызының вагондары бөлек, ал жолаушылар вагонының механизмі өз алдына күрделі. Екі пойыздың вагондарын тексеру кезінде ескеретін талаптар бар. Дерекке сүйенсек, Тараз техникалық қызмет көрсету пунктінен 80, ал бір ауысымда 40 жүк пойызы өтеді. Жолаушылар пойызының тәуліктік көрсеткіші – 30 болса, ауысымда 15 пойызды құрайды. Жалпы облыс бойынша вагоншылар тәулігіне 119 жолаушылар пойызын қарап-тексереді.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда