Өткелде мұқият болыңыз

Қауіпсіздік
03.07.2024, 11:19
Аслан Кудабаев

Собственный корреспондент по Костанайской области

Қостанай магистральдық желі бөлімшесінде теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар толық көлемде жүргізілуде.

Аталған шара аясында теміржол өткелдерінен өтетін көлік иелерімен де, жаяу жүргіншілермен де түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Көлік жүргізушілері көбінесе төмендетілген шлагбаумдарды, қызыл тыйым салу белгілерін және басқа да ескертулерді елемейді, өткелден жылдам өтуге тырысады, оның арты қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қостанай магистральдық желі» филиалының жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының басшысы Талғат Нұрышевтың айтуынша, бөлім қызметкерлері желілік полициямен бірлесіп, осы жылдың басынан бері облыс аумағындағы өткелдерде профилактикалық рейдтер жүргізіп келеді.

Рейд барысында жүздеген жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер теміржол өткелдерінен өту ережелерімен кеңінен танысты. Осындай түсіндіру жұмыстары кәсіпорындарда да жүйелі түрде жүргізілуде. Мұнда еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіліп тұрады. Жергілікті ауылдық, аудан, қала әкімдіктеріне де осы мәселе бойынша көмек сұрап хаттар жолданған. Ал теміржол өткелдерінде өту ережелерін еске салатын плакаттар ілінген.

«Бұл шаралардың барлығы, әрине, өз нәтижесін береді. Бұл қажетті профилактикалық жұмыс, біз оны тұрақты түрде жүргіземіз. Оның арқасында өткелдерде болуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алуға болады», - дейді Талғат Нұрышев.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады