«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Сауат Мыңбаев «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА нысандарында болды

Инфрақұрылым
24.01.2019, 18:42

2019 жылдың 24 қаңтарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА нысандарымен танысты. 

С.Мыңбаев «Қорғас» ШЫХО, «KTZE – Khorgos Gateway» Құрғақ портына және Алтынкөл станциясына барды. Бұл туралы "ҚТЖ" ҰК" АҚ хабарлайды.

Алтынкөл станциясында Компания басшысы жергілікті инфрақұрылыммен, контейнерлік пойыздарды өңдеудің технологиялық процестермен танысты. 

2018 жылы Алтынкөл-Қорғас шекаралық өтпесі арқылы жүк тасымалының көлемі 2709 мың тоннаны құраса, бұл 2017 жылғыдан 66% артық. 916 контейнерлік пойыз жөнелтілсе, бұл 2017 жылдан екі есеге көп. 

2018 жылдың қаңтары-желтоқсанында Құрғақ портта 133, 9 мың ЖФЭ тиелсе, бұл 2017 жылғыдан 1,4 есе асты. 

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА әкімшіліктік ғимараты мен Құрғақ порт нысандарын аралау барысында РСS жобасы, Номад, жүйесі, мониторингілік орталық, сондай-ақ East Gate Partners, Verno, «Феникс Фид Миллс» ЖШС, Hubei Kelison инвестициялық жобалары таныстырылды. 

«Қорғас» ШЫХО Компания басшысына Орталық нысандарын салу барысы туралы ақпарат беріліп, сонымен бірге қазіргі кездегі жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар таныстырылды. 2018 жылы ғимараттарының аумағы 193000 шаршы метр және жалпы аумағы 32,7 гектарлық құрылыс алаңдары бар 12 инвестициялық компания тартылды. 

«Қорғас» ШЫХО жұмысын бастағалы бері инвестициялық нысандар құрылысын жүргізуге 21 келісім-шарт жасалды, инфрақұрылымдық нысандарды қоспағанда жер учаскелерінің аумағы 113,5 гектар, ал ғимараттар алаңдары 805,4 мың шаршы метр. 

С.Мыңбаев сондай-ақ Нұркент қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу жайынан хабардар болды. 

Жаңалықтар
05.07.2024
ҚТЖ жеке кассада билеттерді заңсыз қайта сату фактілерін анықтады
Темір жол тарихы
05.07.2024
Мұхаметжан Тынышпаевтың 145 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасуда
Әлеумет
05.07.2024
Теміржолшылардың балалары елордаға саяхаттады
Жаңалықтар
05.07.2024
«ҚТЖ-100 жас есім»: үшінші кезеңге іріктеу басталды
Жаңалықтар
05.07.2024
Биыл 5,6 мыңнан астам жүк вагоны жөндеуден өтті
Аймақтар
05.07.2024
Ауыр техникалар жұмысты жеңілдетуде
Аймақтар
05.07.2024
Ерлікке тең ерен еңбек иелері
Жүк тасымалы
05.07.2024
Қазақстан – Қытай іскерлік кеңесінің кезекті отырысы өтті
Жаңалықтар
05.07.2024
Атырауда жүк вагондарын шығаратын зауыт ашылды
Жаңалықтар
05.07.2024
ШЫҰ саммитінде ТХКБ-ны дамыту құжатына қол қойылды
Жаңалықтар / Мұрағат
05.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №56 05 шілде 2024 жыл
Жаңалықтар
04.07.2024
ҚТЖ мен Қытай көлік министрлігі басшылығы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
ҚТЖ келбеті
04.07.2024
Қырағы вагон қараушы
Инфрақұрылым
04.07.2024
110 жыл бұрын қаланған станцияда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтар
04.07.2024
Сұйытылған газ тасымалы ерекше бақылауда
Жаңалықтар
03.07.2024
Си Цзиньпин: Транскаспий дәлізі үшінші трансшекаралық темір жол құрылысын жеделдетеміз
Жаңалықтар
03.07.2024
ТХКБ Еуразия құрлығындағы көлік-логистика қатынастарын дамытуға тың серпін береді – Тоқаев
Жаңалықтар
03.07.2024
Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий дәлізі бойынша теміржол контейнерлерін жөнелту телекөпіріне қатысты
Жаңалықтар
03.07.2024
ҚТЖ-ның «Жасыл істер марафоны» акциясына 1,5 мың қызметкер қатысты
Қауіпсіздік
03.07.2024
Өткелде мұқият болыңыз