ҚТЖ-да өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша IV Форум өтті

Жаңалықтар
15.12.2022, 12:18
Оқуға 3 мин
Фото Александра Жабчука
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

Қауіпсіз еңбекті насихаттау, нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын ілгерілету және экологиялық жауапкершілікті арттыру мақсатындағы маңызды іс – шараны бірлесе ұйымдастырушы Samruk Business Academy болды. Қазіргі форумның ұраны: «Тиімді менеджмент – алдын алу шараларының тиімділігі», деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шара офлайн және онлайн форматта өтті. YouTube-тегі Онлайн-таратылым 1400-ден астам аудиторияны жинады.

Форумды «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев құттықтау сөзбен ашты. Ол қызметкерлердің қауіпсіздігі – компанияның нөмірі бірінші басымдықты міндеті екенін атап көрсетті.

- Өткен жылы мен компанияның әрбір қызметкеріне арналған жеке үндеуге қол қойып, онда қызметкерге теріс салдар болмас үшін олардың қауіпті жұмыстарды тоқтата тұру немесе тоқтату құқығын растадым. Әр қызметкерді! 2021 жылы жұмысшылар 600 жағдайда өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жұмыстарды тоқтата тұру құқығын пайдаланды. Биыл қызметкерлер бұл құқықты 597 рет пайдаланды. Жалпы өткен жылғы 25000 қауіпті жағдайлар мен іс-әрекеттер бедерінде биыл  барлығы 22000 астам қауіпті жағдайлар анықталды», - деді ол.

Сондай-ақ, Нұрлан Сауранбаев нөлдік жарақаттану – бұл қол жеткізуге болатын мақсат екенін атады. Компания құрылымында ұзақ уақыт бойы жарақаттанудың бір де бір жағдайы жоқ өндірістік бөлімшелер – Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясы, Сексеуіл локомотив пайдалану депосы, Қазалы энергиямен жабдықтау дистанциясы 30 жылдан астам жарақатсыз жұмыс істейді.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының атынан «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Гибрат Ауғанов құттықтау сөз сөйледі. Ол 2022 жыл Қор тобында қауіпсіздік жылы болып жарияланғанын және осы бағыт дамуына жаңа серпін бергенін алға тартты. Ағымдағы жылдың жазында Қордың барлық ірі портфельдік компанияларының, соның ішінде ҚТЖ басшылары өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жеке міндеттемелерге қол қойды. Ал болат магистраль еліміздің ең ірі жұмыс берушісі бола отырып, Қазақстанның барлық өңірлерінде қауіпсіздік мәдениетін дамытудың локомотиві болуға тиіс.

Өз сөздерінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ компания әріптестері ТЖХС  (H&S халықаралық стандарттары),  ССГПО  (БиОТ қамтамасыз етудегі техникалық сертификат), Латвия темір жолы (теміржол инфрақұрылымы мен вокзалдардың барлық объектілерінде бейнебақылау желісі базасындағы қауіпсіздік жүйесі туралы) саласындағы табысты кейстермен бөлісті. Шақырылған сарапшылар қатарында  «Самұрық-Қазына» компанияларынан әріптестері де болды. Сонымен, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да HSE халықаралық стандарттары саласындағы коммуникациялар туралы Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор Манас Ысқақов айтып берді.

Спикерлер сөз сөйлегеннен кейін «7 алтын ереже - алдын алу шараларының нәтижелілігінің негізі» тақырыбында панельдік пікірталас болып өтті. Көптеген жылдар бойы ҚТЖ-да қауіпсіз өндірістің құндылықтары мен тәсілдерін ілгерілетуге күш-жігер мен ресурстар салынып жатқаны, ал осы жылдың тамыз айында Қазақстанның 100000 астам теміржолшысы пайдаланатын «Өндірістік қауіпсіздік» Интеграцияланған жүйесі» (ӨК ИЖ) мобильді қосымшасы Кәсіби тәуекелдердің алдын алу жөніндегі халықаралық қор (ORP) Дүниежүзілік саммитіне қатысушыларының шынайы қызығушылығын тудырғаны атап өтілді.

Форум жұмысын аяқтай отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Юрий Лавриненко іс-шараның барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік талаптары лауазымына қарамастан барлық деңгейде сақталуы тиіс екенін жеткізді.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды