ҚТЖ-ның 600 қызметкеріне қазақ тілі курсы ұйымдастырылды

Жаңалықтар
27.02.2023, 09:00
Оқуға 2 мин
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

Мемлекет басшысының саясатын қолдап, заман талабына сай қазақ тілін меңгеруге талпынған қазақстандықтардың қатары жылдан-жылға артып келеді, өйткені тіл білудің маңыздылығын көріп отыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адам ресурстарын басқару департаменті Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» КММ Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасымен бірлесіп, 2020-2025 жылдардағы Тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Астанада орналасқан компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының 600 қызметкеріне мемлекеттік тіл курстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржолшылардың мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасы зор және үлкен қызығушылық танытып отыр. Қатысушылардың көптігін ескере отырып, қызметкерлерді екі лек бойынша оқыту туралы шешім қабылданды.

Бірінші лек студенттері мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында тестілеуден өтіп, деңгейлері бойынша тиісті топтарға бөлінді. Жас ерекшелігіне келсек, ҚТЖ-ның өте жас қызметкерлері де, орта жастан асқан адамдар да тілді оқып-білсем деген үлкен құштарлықтарын көрсетті.

– Тіл – қазақстандықтарды біріктіретін фактор, Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтып, патриоттық сезімге бастайтын жол деп білемін. Бірінші ағынға дайындық 2023 жылдың 13 ақпанында басталды. Сабақтар аптасына 2-3 рет өткізіледі. Оқу бағдарламасы үш-төрт айға 100 академиялық сағатқа арналған. Теміржолшылармен жұмыс істеу өте қызықты екенін атап өткім келеді. Ең бастысы, әрбір адам мемлекеттік тілде сауатты сөйлеп, сауатты жазуға асқан құлшыныс танытып, оқу сабақтарына жауапкершілікпен қараса болды, – дейді ұстаз Айман Қалдыбек.

Мұғалімнің айтуынша, көпшілікке қазақ тілінде күнделікті қарым-қатынас жасау қиын психологиялық тосқауыл болып табылады, өйткені дұрыс сөйлей алмай қалған кезде өзгелердің реакциясынан қорқады. Бұл кедергі сабақ кезінде жойылады. Ол мүмкіндігінше мемлекеттік тілде араласып, жұмыс істеу қажет деп есептейді.

Мемлекеттің қолдауының арқасында компания бірнеше жылдан бері қызметкерлердің мемлекеттік тілде біліктілігін арттыруға ұмтылуына көмектесіп келеді және мұндай көмекті тұрақты түрде көрсетуді көздеп отыр.

Тренинг барысында теміржолшыларды өндірістік және жұмыс сәттеріне, диалогтарға, сұрақ-жауап кештерін өткізуге, толыққанды сұхбаттар ұйымдастыруға назар аудару ұсынылды, оның барысында көптеген тың және пайдалы ақпараттар беріледі. Сондай-ақ мақал-мәтелдер, фразеологиялық бірліктер оқытылады, ауызекі сөйлеу тілі жетілдіріліп, құлақпен қабылдануы жақсарады.

Қатысушылардың айтуынша, бұл шара курстың әрбір тыңдарманы үшін үлкен сый. Шынында да, жаңа білімнің арқасында ішкі дүние толысып, байи түседі.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды