Тұғыш рет вагондағы музей ашылды

Жаңалықтар
21.01.2025, 15:07

Ұлттық ұланның Астана қаласында орналасқан 6636 әскери бөлімінің құрылғанына 20 қаңтарда 64 жыл толды. Атаулы дата қарсаңында әскери бөлім аумағында қамауда отырған адамдарды айдауылдауға арналған вагон ішіндегі музей ашылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүгінде музейге айналған вагон бұрындары сотталғандарды тасымалдау кезінде қолданылған. Ал қазір оның іші құқықтық тәртіп әскері атқаратын жауынгерлік қызмет жайындағы ақпараттар мен естеліктерге толы. Онда аталмыш қызметке қатысты жәдігерлер мен макеттер қойылған.

- Бүгін – біздің әскери бөлімнің құрылған күні! Осы мерекеге байланысты концерттік бағдарлама ұйымдастырдық. Оған әскери бөлімнің жеке құрамы және құрметті қонақтар мен ардагерлер арнайы шақырылды. Біз бүгін сарбаздар мен сардарларға әскери бөлімнің терең тарихынан сыр шертіп, мерекелік көңіл күй сыйлаймыз. Сондай-ақ іс-шараға айдауылдау вагон мұражайының ашылуын да қостық, – деді 6636 әскери бөлімінің командирі полковник Ерлан Буранбаев.

Әскери бөлімнің құрылған күнін атап өту барысында жаңа музей салтанатты түрде ашылды. Дәстүрлі қызыл лентаны әскери бөлімнің командирі полковник Ерлан Буранбаев пен 13 жыл бойы аудауылдау батальонында қызмет атқарған запастағы полковник Аманжол Елеуқұлов кесті. Осыдан кейін Әскери бөлім күніне арнайы келген қонақтар мен ардагерлер музей ішін аралап көрді.

- Мен 22 жыл ғұмырымды осы әскери бөлімнің қабырғасында өткізіппін. Бүгін музейге айналған вагонға кіргенде өзім қызмет атқарған шақтар еріксіз ойыма оралды. Мәселен, қабырғада ілінген көне суреттер айдауылдау қызметінің қалыптасу кезеңдері жайында құңды ақпарат беріп тұр, – деді запастағы полковник Аманжол Елеуқұлов.

Вагондағы музейдің 6636 әскери бөлімінде ашылуының өзіңдік бір мәні бар. Cебебі, 1961 жылы 20 қаңтарда Тың өлкенің құрылуына байланысты Қазақ КСР Ішкі істер министрінің № 016 бұйрығымен Қазақ КСР ІІМ ішкі күзетінің 246 жасағы құрылып, оған № 6636 берілді. Оның құрамына Петропавл, Қостанай, Павлодар, Атбасар қалаларында, Жолымбет кенішінде, Вишневка, Құсмұрын, Алексеевка кенттерінде орналасқан 10 команда және 2 жеке топ енді. Жасақ штабы Целиноград қаласында орналасты. Бөлімнің жеке құрамы құрылған сәттен бастап еңбекпен түзеу колонияларын күзету жөніндегі маңызды міндеттерді орындады, сотталғандарды және сот процестері барысында қамауға алынған адамдарды, сондай-ақ автомобиль және теміржол бағыттары бойынша Ақмола гарнизонының әскери сотында айдауылдауды жүзеге асырды. Әскери бөлім осы бір міндетті ширек ғасырдан астам уақыт атқарып келеді.

 

Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады