Қылмыстың үлкен-кішісі жоқ...
Шымкент вокзалында Шымкент станциясындағы ІІЖБ басшылығының ұйымдастыруымен «Ұрлыққа бөгет» бағдарламасын іске асыру және лаңкестік оқиғаларға қарсы күрес тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Шараға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – «ЖТ Шымкент» филиалы мен «ӘТЖК» АҚ Шымкент филиалының өкілдері және құқық қорғау органдарының мамандары қатысты. Шымкент станциясындағы ІІЖБ Криминалдық бөлім бастығы Сәбит Бақтығалиев өз баяндамасында жыл басынан бері 36 рет бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі тіркелгенін айтты. Перронда 5, жолаушы пойыздарында 11, вокзал ғимараттарында 8, өзге аумақтарда 12 рет ұрлық оқиғасы орын алған.
Ал аталған мекеменің штаб бастығы, аға лейтенант Тұңғыш Нұрмаханбет ҚР Қылмыстық кодексінің 181 бабына енгізілген өзгерістер жайлы баяндама жасады. Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Жанетов өз сөзінде терроризм және экстремизмге осал нысандарда атқарылған іс-шаралар, бейнебақылау орнату нәтижелеріне тоқталды.
Теміржолшылар атынан сөз алған Шымкент магистралды желі бөлімшесі бастығынынң орынбасары Арман Сәбдінбеков перегонда пойыздардың тоқтауы көбіне қараусыз жүрген малға байланысты болатынын сөз етіп, айыппұлды қатаңдату керектігіне тоқталды.
-Халыққа теміржол көлігінің қауіп-қатері жайлы айтудай-ақ айтып, ауызша да, жергілікті баспасөз, радио-теледидар арқылы да хабарлама жасап, түсіндіріп келеміз. Бірақ, адам деген пенде ғой, көз алдына пойыз адам басып жатса да өз басына түспегесін лезде ұмытып кетеді. Малдың жолға шығып кетуіне орай иесіне заңмен тыйым салмаса болмайды,- деді А. Мақұлбекұлы.
Шымкент станциясындағы ІІЖБ бастығы Арман Тіленшин мұндай жағдайда пойыздың шығынын сол мал иесінен өндіруге болатынын, олар тек заң шеңберінде ескерту ғана беруға ғана құқы барын айтты.
– Пойыздың тоқтауына байланысты келген залалды сіздер тек сот арқылы азаматтық тәртіппен өндіре аласыздар. Мысалы пойыз қараусыз мал үшін тоқтаса, ІІЖБ тәртіп сақшылары әкімшілік шарамен шектеледі. Одан кейін осы басқармадан шұғыл тежеуге қатысты жиналған материалдарын алып, соның негізінде сотқа талап арыз бере аласыздар. Ал ІІЖБ тәртіп сақшыларының жинаған материалдары соттың заңды шешім шығаруына негіз болып табылады. Сіздердегі заңгер осы бағытта жұмыс істеуі тиіс. Сол кезде ғана шығынданған мал иесі салғырттығын түсініп, төрт түлігін теміржолдан аулақ жаятын болады, – деп кеңес берді Шымкент көлік прокуроры Ғалым Омарбекұлы.
Бүгінде Шымкент вокзалында 37 бұрынғы үлгідегі бейнебақылау бар. Алайда, сала мамандарының пікірінше, әлі жеткіліксіз. Вокзал бастығы Есімжан Заңқоев жыл соңына дейін 135 дана бейнебақылау орнатылатынын айтты. Өйткені, бір-екі жолаушы пойыздары қатар келгенде жолаушылар сапырылысып, сөмкелер ауысып, ұрлық-қарлық сондай кезде болады екен. Бас қақпадан орташа тәулікте 22 пойыз өтсе, жазда саны отызға дейін жетеді.
Жиынды қорытындылаған Ғалым Байғонысов осыдан он жыл бұрынғымен салыстырғанда вагондардан темір-терсек ұрлау ісі азайғанын, бірақ жекенің мүлкін ұрлау әлі де көп екенін, мысалы Шымкент вокзалы аумағында телефон мен әмиян ұрлығы толастамай тұрғанын жеткізді. Мысалы, өткен жылы тіркелген 103 қылмыстың 41-і телефон ұрлығымен байланысты екен.
–Осы жылы теміржол мекемелері мен көліктік прокуратура, желілік полиция бірлесе жасаған жұмыстың арқасында аталған қылмыс деңгейі төмендеп, ұрлық 9 пайызға азайған. Алайда ҚР Бас прокуратурасының «Ұрлыққа тосқауыл» атты пилоттық жобасының талабына сай, ұрлық деңгейі ҚР бойынша 15 пайызға төмендеуі тиіс. Ұрлықтың үлкен-кішісі жоқ, сондықтан, кез-келген қылмыстың жолын кесу жағын қарастырайық. Келесі жолы бүгінгі талқылаған мәселелердің қаншалықты нәтиже бергенін анықтайық, – деді көлік прокуроры.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды