ҚТЖ құрамасы – чемпион!

Спорт
25.11.2024, 12:50
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

 

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы кәсіпорындары арасында өтетін дәстүрлі спартакиада биыл да жалғасын тапты. Тоғызыншы рет ұйымдастырылған үлкен жарыста «ҚТЖ» құрама командасы жеңімпаз болды. 11 алтын, 6 күміс, 3 қола медалін қанжығасына байлап, бірінші орынға мінберіне көтерілген теміржолшылар командасы спартакиаданың Ауыспалы кубогын жеңіп алды. Әрине, жеңіс теміржолшы спортшыларымызға оңай келген жоқ.  

Өйткені Астана қаласындағы Назарбаев университетінің Атлетика орталығында «Спортқа «Иә» де!» ұранымен өткен спорттық додаға бүкіл республика аумағынан 16 құрама командаға топтасқан 1000-нан аса адам қатысты. Олар өз компанияларының қызметкерлері арасынан жарысқа түсіп, ішінен топ жарған ең мықтылары еді. Шетінен «сен тұр, мен атайын» дегендей ой салатын спортшылар 11 спорт түрінен бақ сынады. Олар: футзал, баскетбол, волейбол, арқан тарту, үстел теннисі, армрестлинг, тоғызқұмалақ, асық ату, шахмат, жүзу және киберспорт. Салауатты өмір салтын ұстануға шақырған бұл сайыс қызметкерлерге өздерінің шеберлігін, күш-жігерін, шымырлығын және командалық рухын көрсетуге тамаша мүмкіндік ұсынды.

Үш күнге созылған спартакиадада «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының теміржолшы-спортшылары қай спорттың түрінен болсын осал емес екендерін көрсетті. Шапшаңдық пен ептілікте есе жібермеуді керек ететін керемет тартысты ойынды баскетболшылар, футболшылар, волейболшылар көрсете білді. Футболшылар теңбіл допты ұршықша иіріп, қарсыластарының қақпасына бірде салса, енді бірде өздері де жіберіп алып жатты. Өкінішке орай, осы жолы қарағандылық локомотив депосынан келген теміржолшы жігіттердің футзалда қаншама тырысып бақса да, жолдары бола қоймады.

Жеңіліс тапқан олар алғашқы бестікті аяқтады. Есесіне, волейболшы қыздарымыздың ойыны көрермендерді тәнті етті. Жанкүйерлер тынбастан қиқу салумен болды. Енді ше?! Олар өздеріне қарсы келген командаларды шетінен ойсырата жеңіп, командалық рухтың қандай болатынын көрсетті. Доп соғудан да, допты қабылдап алудан да кәсібилерден кем емес шеберлік танытты. Осылайша, волейболдан әйелдер командасы бірінші орынды иеленсе, ерлер командасы үшінші орынды місе тұтты. 

Келесі спорт жарысы баскетбол көрерменнің көзін қыздырып, делебесін қоздырған сайыстың бірі болды. Бір-бірінен допты алып қашып, шеңберге салуға асыққан ұзын-ұзын жігіттердің шабысынан еден шарт етіп жарылып кетердей әсер етті. Бұл жарыста ҚТЖ жігіттері Қазмұнайгаз баскетболшыларына есе жіберіп, күмістен медаль тақты. Келесі бір командалық жарыс киберспортпен байланысты болды. Мұнда да ҚТЖ-ның киберспортшылары бәсекелестері арасынан озып шығып, алтын медаль алды. Қазақтың ұлттық ойындары – асық ату және бес асық ептілік пен дәлдік, тапқырлық пен моторика шеберлігін  қажет етеді. Бұл сайыста да ҚТЖ ойыншыларының асығы алшысынан түсіп, командалық жарыста топ жарып, бірінші орын мінберіне көтерілгенін айтар едік. Осылайша, ҚТЖ-ның спортшылары командалық ойында жақсы нәтижелерге жетіп,  жарысқа қатысқан қарсыластарына командалық рухтың, ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсете білді.  

Жалқы ойындарда да теміржолшы-спортшылар жарқырай білді. Әсіресе әдемі спорттың бірі – жүзуде қыз-жігіттеріміз қоржынымызға 2 алтын, 1 күміс, 1 қола салып, керемет нәтиже көрсетті. Мәселен, ерлер арасындағы жүзуден Константин Лимеренко (40 жасқа дейін), Геннадий Гордиенко (40 жастан жоғары) алтын медаль иегерлері атанса, оңай шағылатын жаңғақ емес екендерін Анель Жеңісқызы (40 жасқа дейін) күміс медаль ұтып алып, ал Татьяна Алимина (40 жастан жоғары) қоладан медаль тағып, көрсетті. Даналық пен сабырлық, көрегенділік пен тапқырлықты қажет ететін стратег ойындар санатындағы шахмат, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерінен 3 алтынды ҚТЖ қоржынына шахматтан Дәурен Сурабалдинов пен Гүлжан Аманова, тоғызқұмалақтан Али Исабеков, ал күмісті  Еркебұлан Тағыбергенов сыйлады. 

Бұл спартакиада да теміржолшы қыз-жігіттер үстел теннисінен де мықты екендерін мойындата білді. Роман Халилов қарсыластарына қамшы салдырмастан бірінші орынды жеңіп алса, Ленара Смайлова екінші, ал Әлия Жанпейісова үшінші орынды иеленді. Қара күш пен шымырлықты қажет ететін қол күресі теміржолшылардың сүйікті сайыстарының бірі десек болады. Бұл жарыстан әлем чемпионы атанған қыздарымыз да бар. Ол Алла Штрошеррер болатын. Бірақ бұл жолы Алланың асығы алшысынан түспеді. Енді мүлдем түспеді деуге болмас. Бұрын-соңды жеңісті қолдан бермей жүрген Алла Штрошеррер бұл жолғы спартакиадада 65 келіден жоғары салмақтағы әйелдер қол күресі арасында екінші орынды еншілесе, 65 келіге дейінгілер арасында Сымбат Несіп оң және сол қол бойынша армрестлинг жарысында қарсыластарын таза жеңіп, чемпион атанды. Ал ерлер арасындағы армрестлинг жарысында 80 келіден жоғары салмақта Жәнібек Кенжебаев қарсыластарынан басым түсіп, алтын медальді олжаласа, 80 келіге дейінгі ерлер қол күресінде Нұржан Сағидоллинов күмісті еншіледі.  

Спартакиаданың ашылу барысында сөз алған «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов спорт мерекесінің аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері тек жарысып қана қоймай, қайырымдылыққа да үлес қосатынын, кеш барысында жиналған қаражат мектептерде инклюзивті кабинеттер ашуға бағытталатынын атап өтті. Сонымен қатар іс-шара аясында қатысушылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына да қолдау білдірді.  

Әлемде
12.05.2026
Лондон мен Швейцария арасында тікелей пойыз қатынайтын болады
Аймақтар
12.05.2026
Маңғыстау теміржолының аңызы – Жолдас Жетібай туралы бір үзік сыр
Жаңалықтар
12.05.2026
Теміржолшылар бейнесі ҚТЖ-ның LED-экранында
Аймақтар
12.05.2026
Шиелі станциясының жұмысы жаңа деңгейге шықты
Жолаушылар тасымалы
12.05.2026
Қарағанды – Балқаш бағытында қосымша пойыздар шығады
Әлемде
12.05.2026
Stadler компаниясы Дублин - Белфаст бағыты үшін гибридті пойыздар шығарады
Инфрақұрылым
11.05.2026
Түркістан облысында ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу барысы тексерілді
Жаңалықтар
09.05.2026
Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелеріне орай құттықтауы
Жаңалықтар
09.05.2026
Көлік министрлігінде вокзалдарды жаңғырту бойынша өңірлер мен ҚТЖ есебі тыңдалды
Жолаушылар тасымалы
09.05.2026
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Жүк тасымалы
08.05.2026
Алғаш рет Орта дәліз бойынша кері жүктеу ұйымдастырылды: Контейнерлік пойыз Түркиядан Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілді.
Аймақтар
08.05.2026
Өскемендік теміржолшылар 101 жастағы ардагер Александра Саратовцеваны құттықтады
Аймақтар
08.05.2026
Майдангер Иван Макеевке құрмет көрсетілді
Аймақтар
08.05.2026
Маңғыстауда тыл ардагері Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта ашылды
Жаңалықтар
08.05.2026
Талғат Алдыбергенов 100 жастағы ардагер-теміржолшыны Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады
Жаңалықтар
08.05.2026
Теміржол вокзалындағы тәртіп сақшысы
Әлемде
08.05.2026
Ташкент вагон жасау зауыты биыл Ресейге 42 жолаушы вагонын жеткізуді жоспарлап отыр
Әлемде
08.05.2026
Қытайдан Ауғанстанға жаңа контейнерлік бағыт іске қосылды
Жаңалықтар
07.05.2026
Талғат Алдыбергенов Ерейментау вокзалы құрылысының барысын тексерді
Жаңалықтар
06.05.2026
Ұрпақтар байланысы: ҚТЖ ардагерлері немерелерімен Отан қорғаушыларды еске алды