Қайсар рух иесі
Жаңалықтар
05.07.2018, 10:33
Тек теміржолшыға тән болаттай беріктік пен қайсарлықты мен талай теміржолшының бойынан көрдім. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Нұркен Қайыровтың бойындағы күш нағыз теміржолшыға тән қайрат екені анық.
Маңғыстаулық теміржолшы Нұркен Қайыровтың әкесі де, анасы да салада ширек ғасыр еңбек еткен кәнігі теміржолшылар. Кейбіреулер сәл сынаққа сүрініп, сынып жатқанда, оның тағдырдың сондай сынына қасқая қарсы тұрып қана қоймай, оны жеңе білген күшті қайдан алды екен деп таң қаласыз. Өмір мен өлім қаупімен алыса жүріп білім алып, отбасын құрып, 8 балаға әке атанған.
Нұркен аға бүгінде "Вагонсервис" АҚ-ның Маңғыстау телімін басқарады. Мектеп бітірер жылы обыр ауруына ұшыраған. Жігіттіктің жалын тартып мініп, алдынан ақ жол ашылғанда бұл сынақ оған оңай тимегені анық. Алғаш өлім үкімін естігендей есеңгіреп калса да есін жиып, аурумен соңғы демі біткенше күресуге ант етті. Дерт асқынып, бірінің артынан екінші кедергілер келіп, ел қатарлы мектеп бітіру емтиханын тапсыра алмады, жолдастарымен бірге Отан алдындағы әскери борышын өтеуге де аттанбады. Сонда да мойымай, күреспен алға ұмтылды, бір өкініш, бір үміт қана бар...
– Обырға шалдыққанымды мектепті тәмамдайтын жылы білдім. Емді аудан ауруханасынан бастап, Ақтауда жалғастырдым. 3 айдан соң Алматыдағы онкологиялық ауруханаға жіберді. Ол жақта да 3 ай түрлі ем-дом жасап, пайдасы жоқ екенін айтты. Мұрнынан тұтқан ауру миға ене бастаған-ды. Дәрігерлер ата-анама "Дайындығыңызды жасаңыз " деп үйге қайтарды. Бәрібір үміт үзбедім. Сол арада еліміз тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік арқасында Ленинградтан маған керек дәрігер өз аяғымен "іздеп" келді десем болады. Сапарының мақсаты – Қазақстандағы әріптестерімен тәжірибе алмасып, дәріс оқу, әрі өзінің осындағы ата-анасын көру екен. "Іздегенге сұраған" дегендей бізге оң түсті. Қаралып, жолдамамен Ленинградта ота жасаттым. Отаның сәтті шыққанына толық кепілдік бермегенімен, жақсы өтті деді. Мұндай жағдай да олардың тәжірибесінде бірінші рет екен.
Біршама тәуір болып қалған соң Нұркен өмір сүруге ұмтылады. Сол жылғы түлектермен емтихан тапсырып, аттестат алады да, сырттай жоғары оқу орнына түсіп, 3 жыл Ақтөбеде, 3 жыл Алматыда вагон шаруашылығы бойынша білім алады. 1990 жылы ауырып жүрген күннің өзінде теміржолға іс жүргізуші болып жұмысқа тұрады. Жұмысты да атқарады, емін де, болашаққа сенімін де үзбейді. Оқу бітірген жылы үйленіп, жары Шолпан Нұрахметовамен бас қосып, отау тігеді. Қазір екеуі 4 ұл мен 4 қыз тәрбиелеуде. Балаларының алды Орынбасар 22 жаста. Осындай әкеден ұлағат алып өскен ұл бүгінде тасымалды ұйымдастыру бойынша білім алуда.
Кейіпкеріміз 2000 жылға дейін вагон депосында оператор көмекшісі, слесарь, вагон қараушы, аға вагон араушы, шебер, механик жұмыстарын атқарып, үлкен тәжірибе жинайды.
– Әкем Нұржан Қаиров кезінде Бейнеу станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктіне басшылық жасаған еді. 2000 жылы мені дәл сол мекемеге басшы етіп тағайындады. Сонда небәрі 25-26 жастардамын. Алдымда жүз шақты адамды басқару жауапкершілігі тұрды. Бейнеу – тоғыз жолдың торабындағы станция. Жан-жаққа вагон жібереміз. Бір кезекшілікте қазіргідей 10-12 емес, 6-7 адамнан. Жолаушылар тасымалы, вагон деполары бөлек-бөлек мекеме емес, бірге. Суды да, көмірді де береміз, вагондарды да жібереміз. Соның барлығына үлгеріп жүрдік. Енді әрқайсысы өз алдына. Жұмыс оңтайланды. Сондай сәттерде алдымен теміржолда 25 жылдай тер төгіп, бірнеше мекемені басқарған әкемнен, одан кейін бас инженеріміз Құбайдұлла Дузикбаев, қазіргі Маңғыстау вагон пайдалану депосының бастығы Сәрсенбай Есенқұлов, вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінің басшысы Жұмабек Якубпаев сынды ағаларымнан үйренгендерімнің пайдасы көп болды, – дейді кейіпкеріміз.
2000-2005 жылдар аралығында Бейнеуде еңбек еткен ол, одан кейін Ақтауға келіп қаладағы "Каскор-Транссервис" АҚ-да, "Вагонсервис" АҚ Маңғыстау телімінде шебер, жекеменшік тасымал мекемелері ашылғанда "Құнантранс" ЖШС директорының орынбасары, "Дансервис" мекемесіне басшы болыпты. Жеке мекемелер өз жұмысын тоқтатқан тұста "Жолаушылар тасымалы" АҚ Маңғыстау теліміне қайта оралып, вагон қабылдаушы болып жұмысын қайта бастаған. Өткен жылдан бері "Вагонсервис" АҚ-ны басқаруда.
– Өмірлік ұстанымым – бас аман, бауыр бүтіндігі, басқа қиындық түк емес. Бүгінде балаларымның шат күлкісі мен отбасымдығы береке – менің ең үлкен жетістігім, – дейді өмірге деген құштарлығымен өлімді де жеңген қайсар жан.
Шахида Жұман,
Маңғыстау
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды