Пойыз құрастырушы құрметті демалысына шықты

Аймақтар
28.11.2024, 11:40
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Суықбұлақ станциясының пойыз құрастырушысы Ерболат Тілеубердиновті әріптестері салтанатты түрде зейнет демалысына шығарып салды.

Айта кетсек, Ерболат Төлеуғазыұлы құладүздегі осынау шағын станцияда бір адамның ғұмыры дерлік 46 жыл бойы табан аудармастан еңбек етіпті. Қиын да қауіпті кәсіпті атқара жүріп, қаншама жас мамандарды тәрбиелеп шығарды. Осыған дейін ескерту, сөгіс алып көрмеген, жұмысын бес саусақтай меңгерген кәсіби маманмен әріптестері қимай қоштасты. Бөлімше бастығының бірінші орынбасары Ғабит Есқожанов кәсіподақ ұйымы және кадр бөлімі басшылығымен бірге бөлімше төрінде арнайы құттықтап, ардагерге құрмет көрсетті. Кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен ақшалай сыйлық беріліп, «Қазақстан темір жолына 120 жыл» естелік төсбелгісі табыс етілді.  

– Жарты ғасырға жуық ерен еңбегіңіз үшін сізге бөлімше басшылығының атынан зор алғысымызды жеткіземіз. Ендігі аралықта еңбегіңіздің жемісін, зейнетін көріңіз, – деді өз сөзінде Ғабит Ғазизұлы.

Әріптестеріне алғыс айтқан Ерболат Төлеуғазыұлы ұжымын қимайтынын, алдағы уақытта ардагерлер ұйымының қатарында Семей теміржолымен рухани байланысын үзбейтінін жеткізді.  

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті