Теміржолға тиіп тұр...
Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінде теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселесіне арналған кеңейтілген жиында сөз болған тақырыптың бірі жол бойына жақын, заңсыз салынған тұрғын үйлер, қауіпсіздік үшін оларды жол бойынан алыстату мәселесі болды.
Жауапты мамандардың айтуынша, жолға жақын тұрғын үй әсіресе Қаратау ауданында көп шоғырланған. Бұлар 2005-2006 жылы легализациядан өтіп кеткен. Теміржолдың дәл түбінен салынған үйлер тарсылдап-гүрсілдеп тұрғындарға жайсыздығы өз алдына, аса қауіпті, егер жаман айтпай жақсы жоқ, вагон не локомотив жолдан тайып кетсе, үймен қатар адамдарға да қауіп төніп тұр.
Бөлімшенің заңгері Ерғали Жансейітовтің айтуынша, Түлкібастан Арысқа дейінгі аумақта «теміржолға тиіп тұрған» заңсыз салынған үйлер 20 мыңға жуық. Жол бөлімі қызметкерлерінің араласуымен бүгінге дейін оның жүз шақтысы ғана реттелген. Соңғы 3 жылда ұлттық компанияға Шымкент темір жол аумағынан 7 гектар жер қайтарылған. Оның 5 гектары Жылға, екі гектары Шымкент станциясының аумағынан алынған.
– Облыстық жер комитетіндегі бағдарламада әр шаршы метр жер картада бар. Кадастрлық номері жазылған. Яғни, иесі бар деген сөз. Ал теміржол аумағындағы қызыл сызықпен беліленген жерлер картада көрсетілмеген. Осыны көрмеген қала, аудан әкімдігі теміржолдың аумағындағы жерді сұрағандарға беріп, нысан салуға қаулы шығарған, – дейді заңгер Е.Жансейітов.
Аға көлік прокуроры Сейдахмет Мүсіров заңға сәйкес теміржолдан 20 метр жер темір жолдың күзетілетін аймағы болып табылатынын, жер комитетіндегілер осыны қайта қарау керектігін айтты. Теміржолда күзетілетін және қауіпсіздік үшін бөлінген жер болады. Ол аумақтарда ештеңе тұрғызылмауы тиіс. Қауіпсіздік жерін теміржолшылармен келісілген түрде ғана пайдалануға болады. Ол үшін бөлімшедегі заңгер алдымен теміржолдан аумағындағы заң жүзіндегі жерлерді белгілеп, одан соң жер комитетіне апарып, дәлелдеуі керек. Егер аталған мекемедегілер келіспесе, онда арызды прокуратураға жазуы тиіс деген ұсынысын айтты.
Келер жылы жиналғанда тағы да осы мәселені қозғамас үшін, нақты іс жасап, кешіктірмей теміржол бойындағы жерлерді қайтаруға нақты қадам жасау керектігі баса айтылды.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды