«Пойыз+Пойыз» қызметі арқылы 20 мыңнан астам билет рәсімделді

Жолаушылар тасымалы
03.09.2025, 09:09
Оқуға 1 мин

Ұлттық тасымалдаушының «Пойыз+Пойыз» қызметі арқылы жолаушылар 20 мыңнан астам билет рәсімдеді. Қызмет ресми bilet.railways.kz сайтында қолжетімді, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Ол тікелей рейстерге орын болмаған жағдайда немесе қатынас мүлде жоқ бағыттарда жолаушыларға ыңғайлы маршруттарды автоматты түрде таңдап береді.

Қызметті пайдалану үшін жолаушы сайтқа кіріп, жөнелту мен келу станциясын көрсетеді. Жүйе бірден қолайлы бағыттарды ұсынып, билетті онлайн рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, сайтта автобус билеттерін де қатар сатып алуға болады.

«Пойыз+Пойыз» – жолаушылар тасымалында енгізіліп жатқан хабтық жүйенің бір бөлігі. Ұлттық тасымалдаушы  кезең-кезеңімен дамытып отырған хабтық жүйе қазірдің өзінде алғашқы нәтижесін көрсетуде. Оның айқын мысалы – Астана – Бурабай бағыты. Бұл бағытта қатынайтын «Burabay express» электрпойызының кестесі курорт пен қонақүйлердің жұмыс уақытымен үйлестірілген. Бұл жолаушылардың жол жүруін әлдеқайда жеңілдетіп, демалыстарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік берді.

Алдағы жылдары хабтық жүйені еліміздің барлық өңірлеріне де кеңейтілмек. 2026 жылдан бастап қала маңы мен алыс бағыттағы пойыздарды интеграциялау көзделуде. Кестелерді сәйкестендіру мен аялдамаларды оңтайландырудың арқасында жолаушыларға пойыздан пойызға ауысып отыру жеңілдейді, ал сапар уақыты қысқарады. Жобаны іске асыруға халықаралық DB Engineering & Consulting мамандары тартылып отыр. Бұл Қазақстанның көлік жүйесін дамытуға әлемдік үздік тәжірибелерді енгізуге жол ашады.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды