Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді

Қауіпсіздік
29.05.2026, 08:36
Оқуға 1 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

17-25 мамыр аралығында еліміз көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Осы науқан аясында Сайөтес станциясындағы көліктегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесіп, арнайы дәріс өткізді.

Сайөтес ауылының учаскелік инспекторымен бірге теміржол қауіпсіздігін нығайту мақсатында өткен кездесуге «Өтес» орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары және мұғалімдер қатысты.  

Басқосудың мақсаты – мектеп бітіріп жатқан түлектерге жолда жүру кезінде сақтық шараларын сақтауға, заңсыз көлік құралдарын басқармаға шақырып, жазғы демалыс қарсаңында жасөспірімдердің теміржол нысандарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу.  

– Аталған бағыттағы іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері оқушыларға теміржол маңында өзін-өзі ұстау ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірдік. Әсіресе рельстерден белгіленбеген орындарда өтпеу, рельс үстінде селфи жасамау және теміржол маңында құлаққап киіп жүрудің аса қауіпті екеніне ерекше тоқталдық. Сондай-ақ жоғары сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың соңы әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғатыны туралы да ескертілді. Мұндай маңызды кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды қауіпсіздік ережелеріне жауапкершілікпен қарауға дағдыландырады, – дейді Сайөтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің басшысы Нұрлыбек Рахметов.

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды