Шойынжол тарихы жайлы құнды еңбек жарық көрді

Темір жол тарихы
04.04.2024, 14:34
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолшылардың бастамасымен Қазақстан теміржолының 120 жылдығы аясында Астана локомотив пайдалану депосының тарихы туралы кітап жарық көрді.

Кітаптың жарыққа шығуына бастамашы болған депо директоры – Дулат Ахмадиев. Ал авторлары мен құрастырушылары – музей меңгерушісі, Құрметті теміржолшы, бұрынғы машинист-нұсқаушы Владимир Ульяненко, депо ардагері Далабай Байғожин және локомотивтерді жөндеуді бақылау бөлімінің инженер-технологы Ләйлә Ғабдулина. 

 

«Ұлы жолдың даму кезеңдері. Астана локомотив пайдалану депосының тарихы мен тағдыры» деп аталатын кітап тарихи құнды деректер мен ескі фотосуреттерге толы. Негізгі «қара жұмысты» атқарған кітапты құрастырушы Далабай Байғожин 8 тарау, 137 беттен тұратын жинақты құрастыру үшін депода істеген династия өкілдері мен байырғы қызметкерлерден және олардың туыстарынан ақпарат жинап, қызықты архив материалдары мен фактілер тапқан.  

 – Менің педагогика білімі бойынша ғылыми дәрежем бар. Кітап шығару ісіне араласуымды сұрағанда қатты қуандым. Депо бастығы кітап бәріне ұғынықты, жалпы оқырманға түсінікті тілде жазылғаны жөн деп кеңес берді. Біз бұл жұмысқа жан-тәнімізбен кірісіп, кейінгі ұрпаққа қызықты көптеген мағлұмат таптық. Сөз жоқ, шойынжол тарихын толықтыратын жинақ болмақ, – дейді Д.Байғожин.  

Жинақта депоның құрылған кезінен бастап, ең алғашқы пойыздың Ақмола өңіріне келген сәттері, осы жолда тер төккен династиялар, Құрметті теміржолшылар туралы кеңінен ақпараттар берілген. Әсіресе соғыстан кейінгі жылдардағы депоның даму жолы жан-жақты баяндалып, бүгінге дейінгі тарихы  тарқатылған. Депо машинистері Қазақстанда Тальго пойызын алғаш болып тізгіндеп, озық жүйелерді енгізу сәттеріне куә болғаны жазылған. Бүгінгі таңда Астана локомотив пайдалану депосы – ҚТЖ желісінде елордадан Көкшетау, Есіл, Қарағанды, Екібастұз бағытына және кері бағытта жүретін жолаушылар және жүк пойыздарына қызмет көрсететін жетекші кәсіпорынның бірі.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады