Мұхаметжан Тынышпаевтың 145 жылдығы мен Қазақ темір жолының 120 жылдығына арналған конференция өтті

Темір жол тарихы
30.04.2024, 11:09
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алматыдағы М. Тынышпаев атындағы ALT университетінде «Көліктегі инновациялық технологиялар: білім, ғылым, өндіріс» атты IV халықаралық конференция өтті. Іс-шара қазақтың тұңғыш теміржолшы-инженері Мұхаметжан Тынышпаевтың 145 жылдығы мен Қазақ темір жолының 120 жылдығына арналды.

Маңызды іс-шараға көлік-логистика және телекоммуникация саласындағы жетекші кәсіпорындардың мамандары, бизнес-қоғамдастық өкілдері, Қазақстанның, Қытай мен Ресейдің білім және көлік саласындағы мамандары, мәжіліс депутаттары, ғалымдар, PhD докторанттар, оқытушылар, аспиранттар, магистранттар және ЖОО студенттері қатысты.  

Конференция мақсаты – өзара тәжірибе, зерттеулер, заманауи әдістер алмасу, студенттердің кәсіби машықтарын жетілдіру. Жиында көліктегі сандық жүйелерді дамытудың өзекті мәселелері, телекоммуникациялық байланыс жүйелерін дамытудың мәселелері мен перспективалары, электр энергетикасындағы сандық технологиялар, логистикадағы инновациялық технологиялар, тасымалдау процесіндегі инновациялар, автомобильдер мен жол техникасы, теміржол жылжымалы құрамын жобалау, пайдалану және жөндеу, құрылыс инженериясының өзекті мәселелері сөз болды. Көліктегі инновациялық технологиялар және оның өндірістегі рөлі жайлы маңызды баяндамалар жасалды.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Рамазан Садырқұлов конференцияға онлайн түрде қатысып, маңызды іс-шараның жұмысына сәттілік тіледі. Конференцияда Қазақстанның теміржол тарихында орны бөлек тұлға Мұхамеджан Тынышпаевтың саланы дамытуға қосқан үлесі туралы бірнеше баяндама жасалды. Орталық Азиядағы теміржол инфрақұрылымының дамуына өзіндік үлесін қоса отырып ол еліміздің экономикалық және мәдени тұрғыда дамуына септік еткен мемлекет қайраткерінің Түрксіб теміржолының құрылысы мен жобалауына қатысқан еңбегі айрықша аталды. Еуропалық үлгіде техникалық білім алған қазақтың тұңғыш жоғары білімді теміржол инженерінің бойындағы бірегей білімі мен қабілетіне қоса көшбасшылық қасиеттері оны мемлекеттік деңгейдегі қайраткер дәрежесіне көтергені айқын. Іс-шара барысында көлік-логистика саласына еңбегі сіңген бірқатар азаматтар «М.Тынышпаевтың 145 жылдығы» төсбелгісімен марапатталды.

 

Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер