Жамбыл локомотив пайдалану депосы ғасырлық мерейтойын атап өтеді

Темір жол тарихы
01.07.2024, 17:55

Жамбыл локомотив пайдалану депосы – Қазақстанның ең көне темір жол кәсіпорындарының бірі. Мұның бәрі жүз жыл бұрын - 1924 жылы 7 қарашада Әулие Ата (1936 жылға дейінгі  Тараз қаласының атауы) паровоз депосы  салынған кезде басталды.  

Локомотив депосының пайда болуы Ташкент – Арыс – Әулие-Ата – Луговая – Пішпек (қазіргі Бішкек) байланыстыратын Жетісу темір жолы құрылысымен байланысты. Депоның бірінші бастығы Константин Михайлович Колпиков болды.  

Кәсіпорын паровоздар мен вагондарды тасымалдау мен жөндеуді қамтамасыз етті. 1936 жылы депода айтарлықтай өзгерістер болды: жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету үшін цехтар, қазір жұмыс істеп тұрған дайындау цехы салынды. Сол кезде «О» және «НП» сериялы паровоздар пайдаланылды.  

Жылдан жылға тасымалдау процесі жақсарып, тепловоздар мен электровоздар қуаты аз паровоздарды алмастырды. Бүгінгі таңда депоның қазіргі паркінде заманауи магистральдық және маневрлік тепловоздар, электровоздар бар. Электровоздар Жамбыл – Шу, Жамбыл – Түлкібас, Жамбыл – Луговая учаскелеріне, тепловоздар – Жамбыл – Қаратау – Жаңатас бағытына және Бұғын – Ақтаутас, Ассы – Фосфорная, Қаратау – Өнеркәсіп алаңына күрделі бейінді учаскелерге қызмет көрсетеді.  

Депода 750 маман жұмыс істейді, оның ішінде 340 астамы машинист және 300 жуығы машинист көмекшісі. Тату және ұйымшыл ұжым күн сайын тасымалдау процесіне өзінің тәжірибесін, білімін, еңбекқорлығы мен энергиясын жұмсап келеді.  

Депоның ең үлкен құндылығы мен мақтанышы — өз ісіне берілген адамдар. 2003 жылы ҚТЖ басшылығы депоға «Үздік еңбек ұжымы» атағын берді.  

Депоның дамуы мен қалыптасуында ондаған жылдар бойы тағдыры осы кәсіпорынмен тығыз байланысты болған ардагерлер маңызды рөл атқарды.  

Олардың ішінде депоның бұрынғы басшысы Жапар Исаев бар. 2003 жылы оған «Үздік басшы» атағы берілді. Ол «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Жапар Исаев – Талас ауданының Құрметті азаматы. Талас ауданының Құрметті теміржолшысы және құрметті азаматы Оралбай Сүлеев ұзақ жылдар бойы депода тепловоз машинисі болып жұмыс істеді. Ол «Халықтар Достығы» орденімен, «Апатсыз 500 мың км жүргені үшін» белгісімен марапатталған. Депоның дамуына Құрметті теміржолшы, жолаушылар колоннасының бұрынғы машинист-нұсқаушысы Владимир Тарасов, Құрметті теміржолшы, тепловоздың бұрынғы машинисі Шанжархан Байғазиев және басқалар лайықты үлес қосты. Мамандар өз тәжірибелері мен білімдерін қазіргі жұмысшыларға берсе, олардың арасында нағыз батырлар да бар.  

 Тепловоз машинисі Жаңабек Молдашов «За отвагу», «70 лет ВС СССР», «Войну–интернационалисту от благодарного афганского народа» медальдарымен марапатталды. 2017 жылы оның есімі «Трудовая доблесть магистрали» Құрмет Кітабына енгізілді. Тепловоз машинисі Ерлік Олжабаев пойызбен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін «Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Электровоз машинисі Владимир Подопригора депо машинистері арасындағы кәсіби байқауда «2015 жылдың үздік машинисі» атағын жеңіп алды.  

Теміржол саласындағы жоғары кәсіби шеберлігі мен адал еңбегі үшін ол «Локомотив» акционерлік қоғамының Құрмет грамотасымен» марапатталды, «Үздік маман» атағына ие болды. Электровоз машинисі Ербол Рысқұлов «Болашақ басқарушылар» номинациясы бойынша республикалық жастар байқауында екінші орын алып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ кадр резервіне алынды.

 

Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті