Түрксіб тарихына тағзым

Темір жол тарихы
29.07.2020, 10:48
Меруерт Өмірзақова

Семей – Түрксібтің отаны деген сөз бар ел аузында. Тегін айтылмаған сөз болса керек. Түрксібтің алғашқы қадасы қағылып, шойын жол төселіп басталған Семей өңіріндегі әр станция мен бекетте күні бүгінге дейін Түрксібтің тарихы сайрап жатыр. Сондықтан, семейлік теміржолшылар өздерін біз Түрксібтің мұрагерлеріміз дегенді мақтанышпен айтады.

Семейлік ардагер-теміржолшы, Семей белгі беру және байланыс дистанциясының ардагерлер кеңесінің төрағасы 83 жастағы Мақсұт Көшжанов ақсақал осыдан біраз жыл бұрын «Түрксіб-Семей» қоғамдық қорын ұйымдастырып, «Түрксіб-Семей» мұражайын құрды. Күні бүгінге дейін қарт теміржолшының Ұлы құрылысқа деген шексіз құрметі мен жанқиярлық еңбегінің арқасында жұмыс істеп келе жатқан қоғамдық қор мен мұражай – бөлімшенің жалғыз мәдени және тарихи орны десек, қателеспейміз.

Бүгінде вокзал ғимаратының оң қанатында орналасқан мұражайда Түрксібке қатысты көптеген тарихи мұралар жинақталған.

Тақырып-тақырыппен заман ағымына қарай орналасқан мұрағаттар, ескі фотосуреттер көшірмесі, тарихи деректер, естеліктер, ұлы құрылыспен қатар бой көтеріп жасасып келе жатқан еңбек ұжымдарының тарихын зерттеп-зерделеген көрме тақталар, деректі кино фильмдер, Мәскеудің сыртқы істер министрлігі арихивінен алынған, 1904 жылдан бергі деректер жинақталған үш альбомның өзі неге тұрады?!

Семей темір жол бөлімшесінің (1915-2015 ж. ж.) 100 жылдығына орай мол тарихи құжаттармен тағы бір альбом жинақталды. «Семей-Дегелең» атом полигоны, «Электрожезл станциясы» құрылым-макеті, тағысын тағы, бас-аяғы 1145 мұрағат жәдігерлер бар.

Бүгінде оған кез келген жан кіріп тамашалай алады, студенттер, мектеп оқушылары экскурсия жасап тұрады, тегін. Ал осы мұражайды ұйымдастыруға ардагердің төккен тері мен ерен еңбегін елеген жан бар ма екен деп ойладық. Ұзақ жыл Семей белгі беру және байланыс дистациясында еңбек етіп, «Автоматика, телемеханика және байланыс» жүйесінің сауатты инженері, білікті маман болған қарт теміржолшы мұражайдың әрбір жәдігерін іздеп тауып, жинастыруға талай жылын сарп етті, зейнетке шыққан соң барлық уақытын, бүкіл күш-жігерін тек осы игі іске жұмсап, тіпті қаржысын да аямады.

Осыдан сегіз жыл бұрын Семей темір жол бөлімшесі теміржолшыларының жалпы жиналысында «Түрксіб-Семей» мұражайының директоры болып сайланып, Семей қалалық юстиция басқармасының құзырымен заңды түрде тіркелген «Түрксіб-Семей» қоғамдық қорының да басшылығына бекітілді. Содан бері белсенді қария тынымсыз еңбектеніп келеді, ай сайын зейнетақысынан 25 000 теңге мұражайға жұмсауды әдетке айналдырған. Біреуден бір тиын сұраған емес, керек-жарағына өз көлігімен өзі шапқылап жүреді.

Ғимараттың тазалығынан бастап, кірісшығысы, қажетті метериалдар сатып алу, қайырымдылық жолмен түрлі экскурсиялар ұйымдастыру, тіпті экскурсовод ролін де өзі атқаруға әрқашан дайын. Ұлы құрылыс Түрксіб туралы сағаттап айтудан жалықпайтын қарт теміржолшының арманы – болашақ ұрпақтың туған жер тарихын біліп өсуі.

Жуырда қарт теміржолшы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы мен Сала кәсіподағы төрағасына хат жолдағанын жеткізді. Хатында Түрксіб темір жолының 90 жылдығына орай өзі құрған Семей мұражайын теміржолға тарту еткісі келетінін жазады. «Халықтың даналы сөзі «Өткенін ұмытпаған ел – өседі, ұмытқан ел – өшеді» дейді. Ертеңгі ұрпағымыз бірнеше ғасыр бұрын қазақ сахарасына келген шойын жол тарихын Түрксіб арқылы танып, құрмет көрсетіп жатса, біздің мақсаттың орындалғаны» дейді ардагер. 

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн