Атырау теміржол музейі жаңа есіммен толықты

Аймақтар
06.02.2026, 08:39
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Атырау магистральдық желі бөлімшесінде орналасқан өлке темір жолынан сыр шертетін музейде игілікті іс орын алды. Онда аймақ теміржолына көп жыл еңбегі сіңген Құрметті теміржолшы Ізғұлов Жарас Төкенұлына арналған бұрыш ашылды.

Жарас Ізғұлов 1971 жылы 28 қыркүйекте Гурьев облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосында қарапайым отбасында дүниеге келген. 1978-1989 жылдары сондағы қазақ орта мектебін бітіріп, 1990-1995 жылдары Самара институтын теміржол көлігінің инженері мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын 1995 жылы Атырау станциясында пойыз құрастырушының көмекшісі болып бастаған. 1995-1997 жылдар аралығында станция бойынша кезекші, 1997-1998 жылдары пойыз диспетчері, ал 1998-1999 жылдарда Атырау станциясы бастығының орынбасары болды. 1999-2000 жылдары Атырау станциясының бас инженері, 2001 жылы Маңғышлақ станциясының бастығы, 2001-2005 жылдар аралығында Атырау жол бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды. Осы жылдарда өлке темір жолының дамуына өзіндік үлесін қосып, өндіріспен қатар әлеуметтік саланың дамуына да атсалысты.  

2005-2015 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе жол бөлімшесінің директоры, 2015-2017 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры, 2018 жылдан «Integra Construction KZ» ЖШС бас директоры қызметін атқарды. 2012 жылы «Құрмет» орденімен, 2016 жылы ҚР Құрмет грамотасымен, басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталған. Жарас Төкенұлы 2025 жылдың күзінде жол апатынан қайтыс болды.  

Музейден бұрыш ашылу салтанатына марқұмның анасы Қаламқас, жары Жаннат, ұл-қыздары, туған-туысқандары, бірге еңбек еткен әріптестері қатысты. Жарас Атырауда еңбек еткен жылдары бөлімшеде кадр бөлімінің бастығы болған Досжанов Тоқтарбай ағай сол жылдардан естелік айтып, өлке теміржолына бір кісідей еңбегі сіңген азаматтың рухына көрсетіліп отырған құрметті құптайтынын жеткізді.  

– Жарас еңбекқор, талапшыл, алғыр болатын, жасаған жұмысынан нәтиже шығарғанша тыным таппайтын. Өзінің сол қайсарлығымен, білімімен көріне білді. Оған зор сенім арттық, сол сенімді ол ақтады, үлкен лауазымдарды жауапкершілікпен атқара білді. Өмірден қыршын кеткенін естігенде «әттеген-ай» деп қалдық. Жазғанға шара бар ма? Теміржолшылар музейінен оған арнап бұрыш ашып отырған бастаманы қолдаймыз, өскелең ұрпақ оның есімін ұмытпауы керек, – деді ақсақал. Бұрышқа Жарас Ізғұловтың өмірбаяны, мемлекеттік наградаларының көшірмелері, Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары, теміржолшы куәліктері, еңбек жолынан сыр шертетін фотосуреттері қойылған.

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті