25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Жәдігерлер – өткен күннің белгісі

Аймақтар
19.05.2026, 08:27
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

18 мамыр – Халықаралық музей күні. Атырау жол бөлімшесіндегі мұражайдың ашылғанына да отыз бес жылға таяпты. Ол сол кездегі бөлімше басшысы Амангелді Селбаевтың бастамасымен ашылған.

Бірақ біраз жылдардан соң жабылып, экспонаттар әр жерде шашылып қалады. 2019 жылы сол кездегі бөлімше басшысы Мағауия Оразқұлов музейдің қажеттілігіне маңыз беріп, оған арнайы бөлме дайындатып, шашылған мұраларды қайта жинақтады. Оған қоса көптеген жаңа мағлұматтарды енгізді. Бүгінде музей Атырау магистральдық желі бөлімшесі ғимаратының төртінші қабатында орналасқан.  

Мұражай 4 залдан тұрады. Онда өлке темір жолының тарихынан сыр шертетін біраз көне экспонаттар қойылған. Әр залда темір жолға қарасты мекемелерге арналған экспонаттар, бұрыштар, стендтер орналасқан. Алдымен көне вагон, цистерна, теміржол көпірі макеті көзге түседі. Бұлар мұражай бөлмесінің тура ортасында тұр және әйнекті шкафтар ішінде де пойыз, паровоз, тепловоздар, ескі станциялардың макеті қабаттастырыла сәнімен қойылған. Байланыстың бастапқы кезін еске түсіретін радиостанциялар, УАТС-49 сынды іздегіштер, коммутатор, телефон-телеграф аппараты, автодрезина, иінді кран, бұрма жабдығы макеттері де, теміржол карталары да бар.  

– Мынау аймақтан шыққан үш Социалистік Еңбек Ері – Л.Шахатов, Б.Кереев және А.Шүкіровтің меншік заттары, киімдері. Ал анау тұрған теміржолшы екенін танытатын әр жылдардағы арнаулы киімдер. Өлке теміржолының, бөлімше жұмысының әр жылдарынан сыр ақтаратын фотоальбомдар да бар. Соңғы уақытта қазақтан шыққан тұңғыш «Құрметті теміржолшы» Б.Орақовқа және сала майталманы Ж.Ізғұловқа арналған бұрыш ашылып, олар отбасылық жәдігерлермен толықты, – дейді музей қызметкері Базарлым Хансұлтанова.  

Музейге мектеп оқушылары, болашақ теміржол мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер, шалғай ауылдардан қатынаған қонақтар да келіп тұрады екен. Өйткені музейде материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін жинап-сақтаудың ғылыми-ағартушылық және білім-тәрбиелік маңызы зор.  

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде