Өмір сыйла: ҚТЖ-да Донор күні өтті

Әлеумет
19.03.2026, 12:10
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ізгілік жолында кезекті қайырымдылық акциясын бастады. 2026 жылғы 19 наурызда компания қызметкерлері мен еріктілер үшін «Донор күні» ұйымдастырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Трансфузиология орталығымен бірлесіп өткізілетін бұл шараның басты мақсаты – мұқтаж жандарға көмек қолын созып, еліміздегі донорлық қозғалысты дамытуға үлес қосу. Донор қаны ауыр жарақат алғандар, ота үстіндегі науқастар, инфекциялық дертке шалдыққан балалар мен күйік шалған жандардың өмірін сақтап қалудың бірден-бір жолы.

Қан тапсыру процедурасы сәтті әрі қауіпсіз өтуі үшін әлеуетті донорлар мына ережелерді сақтауы тиіс екен:

Қан тапсырудан 24 сағат бұрын майлы, ащы тағамдар мен сүт өнімдерін (сүт, қаймақ, ірімшік) тұтынуға болмайды. Таңғы ас жеңіл (суға піскен ботқа, тәтті шай, нан) болуы керек.

Соңғы 72 сағат ішінде құрамында аспирин және басқа да ауырсынуды басатын (анальгетиктер) дәрілер ішпегеніңіз абзал. Процедураға дейін кемінде 2 сағат бұрын темекі шегуден бас тарту қажет.

Әрбір тапсырылған қан мөлшері бірнеше адамның тағдырын шешуі мүмкін. Қайырымдылық акциясына қатысу арқылы сіз біреудің әкесіне, анасына немесе баласына өмір сүруге мүмкіндік бересіз.

«Біз барлық әріптестерімізді және бейжай қарамайтын азаматтарды осы ізгі шараның бір бөлігі болуға шақырамыз. Сіздің қаныңыз – біреудің өмірі!», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Тасымалды басқару орталығы бөлімінің бас маманы Татьяна Усольцева алғаш рет 25 жасында науқас адам үшін қан тапсырған, содан бері донор болып келе жатқанына жиырма жылдай болыпты.  

«Қан тапсыру ағзаға пайдалы, денсаулығың жақсарып, жаңару жүреді. Әрине, бәрі денсаулығыңа байланысты, денің сау болса жиі тапсырып тұруға болар еді. Қан сапсырған соң 1-2 күн әлсіздік болады. Кейін ағзамда жаңару жүргенін сезем, сергек әрі жасарған сияқты күйде боламын», - дейді ол.  

Бойыңызда күш-қуат, жүрегіңізде мейірім болса, Донор күніне келіп, адам өмірін сақтауға атсалысыңыз!

«Біреуге жан, біреуге қан» деген ұстаныммен өмір сүретін донорлар бүгінгі күннің нағыз қаһармандары. Қан тапсыру тек ізгілікті іс қана емес, ол адам ағзасын жасартатын және көптеген аурулардың алдын алатын бірегей медициналық процедура. Ғалымдардың зерттеуінше, тұрақты донорлар орта есеппен басқа адамдарға қарағанда 5 жылға ұзақ өмір сүреді екен.

Сонымен, қан тапсырудың денсаулыққа қандай нақты пайдасы бар?

Қанда темір мөлшерінің шамадан тыс көп болуы қан тамырларының қабырғаларын зақымдап, тотығу процесін жылдамдатуы мүмкін. Қан тапсыру арқылы ағзадағы темір деңгейі реттеледі. Бұл жүрек-қан тамырлары жүйесіне түсетін жүктемені азайтып, инфаркт пен инсульт қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Қан тапсырған сәтте ми ағзаға «қан аздығы» туралы белгі береді. Осы кезде сүйек кемігі жаңа қан жасушаларын (эритроциттер, лейкоциттер) белсенді түрде өндіре бастайды. Нәтижесінде қанның құрамы жаңарады, зат алмасу процесі жеделдейді және иммунитет нығаяды.

Донор болу – ағзаны экстремалды жағдайларға дайындау. Үнемі қан тапсырып жүрген адамның денесі қан жоғалтуға бейімделеді. Егер кездейсоқ жарақат алсаңыз немесе ота жасалса, донорлық тәжірибесі бар ағза мұндай стресстен әлдеқайда тез әрі жеңіл шығады екен.

Әрбір донор қан тапсырар алдында міндетті түрде медициналық бақылаудан өтеді. Бұл сіздің денсаулығыңызды тегін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Дәрігерлер сіздің қан тобыңыз бен резус-факторыңызды анықтайды.

Сонымен қатар, қан Гепатит (В, С), АИТВ (ВИЧ) және мерез сияқты қауіпті инфекцияларға зертханалық тексерістен өткізіледі.

Психологтардың айтуынша, басқа адамның өмірін сақтап қалуға қатысу – адамға керемет эмоционалдық қанағаттану сыйлайды. «Мен біреудің өмірін сақтадым» деген ой депрессия мен күйзелісті азайтып, өмірге деген позитивті көзқарасты қалыптастырады.

Егер сіздің денсаулығыңыз мүмкіндік берсе, донор болуды кейінге қалдырмаңыз. Сіздің қаныңыз біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті