Күзгі комиссия жоғары баға берген шалғайдағы Жастар станциясы қысқа сақадай сай

Станция тынысы
09.11.2021, 14:02
Асхат Райқұл

Сарышағаннан бері, Мойынқұм даласына қарай алпыс шақырым қашықтықта Жастар станциясы бар. Төртінші класты, тірлігі – тап-тұйнақтай, шағын ғана мекеме. Тіршілік нышаны сезілмейтін құла дүзге қона салған Жастар станциясы жазық дала бетіндегі мең сияқты. Бір кездері мұнда елу-алпыс үй қоныстаныпты. Яғни, бір ауыл станциядан несібелерін айырған ғой. Егемендігіміздің алғашқы жылдары уақытша қиындықтар орын алып, станцияның шаруасы шатқаяқтаған. Әлгі елу-алпыс үйге жұмыс болып тұрған мекеменің мазасы кеткен соң, тұрғындар жан-жақққа көше бастаған.

«Қазіргі ахуалымыз жаман емес, теміржолда тіршілік жанданып, жұмыс көбейіп келеді. Шеткері отырсақ та, айналамызда ел-жұрт бар. Солтүстігімізде Сарышағанға қараймыз, оңтүстігімізде Мойынқұм жатыр. Ғимаратымыз ескі де болса, сүйегі мықты. Жылуымыз электр жүйесімен тарайды. Жұмыс істеуге барлық жағдай бар», – дейді станция басшысы Қуаныш Қуанышқалиев.

Станциядан Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің барлық жүк пойыздары өтеді. Тек Жамбыл емес, күрежолдың бойында тұрғандықтан әрі бері қатынаған барлық жүк және жолаушы пойыздары бір тынбайды. Алматыдан Нұр-Сұлтанға қатынайтын, Қостанай, Көкшетау, Петропавл қалаларына бағыт алған бүкіл жолаушылар пойыздары да Жастар станциясын көктей өтеді. Пандемиялық ахуалға байланысты Екатеринбургке қатынайтын пойыз ғана тоқтап қалған. Басқасы бәз-баяғыша, жүріп жатыр. Төртінші класты мекеменің міндеті – құрамдарды қабылдау, жөнелту. Ешқандай түсіріп алу, тиеу операциялары атқарылмайды. Станция бастығынан бөлек екі кезекші бар. Бірі – Берік Қожабеков, екіншісі – Нұрсұлтан Домалақов. Жастары отыздың ар жақ, бергі жағындағы жастар. Іске икемді, ымырашыл, келісіп пішіп, мекеменің жұмысын дөңгелетіп отыр. Станция бастығы Сарышағаннан, ал екі кезекші Мыңарал станциясынан қатынап жұмыс істейді екен. Сонымен қатар мұнда ШЧ, ПЧ мекемелерінің екі жолшысы, екі электромонтеры де вахталық әдіспен еңбек етеді.

«Пойыз деген ағылып жатыр. Кедергісіз өткізіп отырамыз, ешқандай мәселе туындамайды. Тек бұл жақтың табиғаты бөлек: қысы – қатал, жазы – аптап ыстық. Оған да үйреніп алғанбыз. Басшылық тарапынан барлық жағдайымыз жасалған. Қысқы-жазғы арнайы киімдеріміз бар, құрал-жабдықтарымыз сайлаулы», – дейді Жастардың жігіттері.

Ауыз су мәселесі мұнда тасымалмен шешілген. Яғни, айына екі мәрте Мойынқұмнан тұщы су толтырылған цистерналар жол бойы Ақжолтай, Қашқантеңіз, Қаражыңғыл станцияларын сумен қамтамасыз етіп, Жастар станциясына келеді. Судан тапшылық жоқ, жеткізілген бір цистерна су барлық қажеттілікке жететін көрінеді.

«Жақында өткен күзгі комиссиялық бақылау жұмысымызға жоғары баға берді. Ешқандай кемшілік табылған жоқ. Алдағы қысқа да дайындығымыз тастүйін», – деді Жастар станциясының бастығы нық сеніммен.
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?