Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады

Станция тынысы
22.09.2026, 09:12
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Шиелі станциясы өндірістік тапсырмаларды межеден асыра орындауға дағдыланған. Әр ай сайын шығарылатын өндірістік жұмыс нәтижесіне қарай күнделікті тапсырмалар легінің нобайын жасайтын шиелілік теміржолшылар үшін бекітілген жоспарды орындауға еш кедергі жоқ.

Жұмыстың сауатты ұйымдастырылуы, жұмысқа қажетті киім-кешек, құрал-сайманмен дер кезінде қамтамасыз етіліп, еңбек жағдайының жасалуы да көрсеткіштердің жоғары болуына әсер ететіні сөзсіз.  

Шиелі станциясының бастығы Нұрғали Әбжаппаров өндірістік көрсеткіштер 104 пен 147 пайыз аралығында орындалып отырғаны – ең алдымен әріптестерінің кәсіби міндетке адалдығы мен жауапкершілігінің нәтижесі деп біледі.  

– Кез келген табысты жұмыс ең алдымен жауапкершіліктен басталады. Биылғы 8 айдағы көрсеткіштерге тоқталсақ, 3339 вагонның орнына 5218 вагонға жүк тиелді. Станцияға келген 410 пойыздан 18 681 вагон ажыратылып, 381 пойызға 15 303 вагон тіркелді. Жүк операциясы жасалмай бос тұруға бекітілген 2,80 сағаттық меже 8 айда 2,27 сағатқа жеткізіліп, жоспар 123 пайызға орындалған. 11,0 сағатқа бекітілген бір жүк операциясын жүргізу кезінде вагонның бос тұруы 8 айда 10,23 сағатқа дейін азайтылып, жоспар 107 пайызға орындалды. Жалпы жұмыстың тиімділігін арттыруға әр ауысымдағы теміржолшылар өз үлесін қосуда. Ал біз оларды жұмыс кезінде ештеңе алаңдатпай, тек қана өндірістік жұмысты нәтижелі атқаруына жағдай жасаймыз, – дейді станция бастығы Нұрғали Әбжаппаров.  

Негізгі магистральдың бойында жатқан байырғы станцияда еңбек ететіндердің дені теміржолшы кәсібін атадан балаға мирас еткен әулеттен шыққан. Олардың қатарында станцияға келетін пойыздар құрамының шашауын шығармай қарсы алып тиісті жолға тоқтауын, одан кейін құжаттарына қарай тиісті жүк операциясының рәсімделіп, жолға шығарылуына мүмкіндік жасайтын станция кезекшісі Алижағыпар Шауенов, құжаттарды өңдейтін оператор Бағжан Нұртазаева, станция кезекшісінің пәрменімен вагондарды пойыз құрамынан ажыратып немесе қайта жасақтайтын пойыз құрастырушы Бексұлтан Тұрсыманов, бүкіл вагонның реттік нөмірінен бастап қай станцияға жөнелтілетініне дейін жадында сақтай алатын парк кезекшісі Ислам Қарамырзаев бар.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды