Талас станциясының бүгінгі тынысы

Станция тынысы
17.09.2026, 09:24
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Шығыс бағытында 3520 5-пикеттен батысында 3518 9-пикетке дейінгі аумақты алып жатқан, жалпы үш жарым шақырымды құрайтын Талас станциясы –Тараз қаласы арқылы өтетін шойын жолдың транзиттік дәлізінде байланыстырушы рөлге ие. Тәулігіне станция арқылы орта есеппен 25 жолаушылар, 76 жүк пойызы өтетіні – осы сөзіміздің дәлелі.

Станция бастығы Тілектес Байдәулетовтің айтуынша, жолаушылар пойызының ағыны жұп күндері көбірек, тақ күндері аздау болса, жаз айларында әдеттегіден арта түседі екен.  

– 3 класты Талас станциясы арқылы күніне орта есеппен тақ бағытта – 13, жұп жол арқылы 12 жолаушылар пойызы өтсе, тақ жолдарда – 45, жұп бағытта – 31 жүк пойызын қабылдап өткіземіз. Негізінен аралық байланыстырушы станция болғандықтан, құрылымдық міндетімізге жүк пойыздарын сұрыптау кірмейді. Бірақ, егер Тараз станциясында жүктеме артып кетсе, пойыз құрастырушыларымызды жұмылдырып, көмек көрсетеміз.

Жалпы станция арқылы өтетін тақ және жұп бағытта 12 жол бар. Әрқайсысының атқаратын құрылымдық міндеті белгіленген. Қарапайым түрде түсіндірсем, мысалы солтүстік жағынан санағанда бірінші жатқан №9 – вагондарды жүк операциясына қоятын жол. 7-5-3 тақ жолдар арқылы жүк пойыздарын қабылдап-өткіземіз. 1 мен 2 жолаушылар пойыздарын өткізуге арналған. Егер олар бос болмай қалған жағдайда, 3 және 4-ші жолмен өткіземіз.

Бұдан бөлек Тараз қант зауытымен байланыстыратын №10 – бір кірме жолымыз бар. Ал апатты жағдайдағы қауіпті жүктер тіркелген вагондар болса, 12 жолға қойылып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі, - дейді Тілектес Ардақұлы.

Шаһардың шығыс жақ кіреберісінде орналасқан Талас станциясының үш бірдей пандуспен қамтамасыз етілуі – оның тағы бір артықшылығы саналады. Тараз қаласындағы әскери бөлімшелер арнайы жаттығулар кезінде осы пандустар арқылы вагондарға ауыр әскери техникаларын жүктеп, жөнелтеді. Станция бастығы пандустарды негізінен әскери бөлімдер пайдаланғанымен, темір жол бөлімшелерінің басқа да салалық құрылымдармен бірлескен оқу-жаттығуларында олардың маңызды рөл атқаратынын айтады.  

Шынтуайтында солай. Өрт қауіпсіздігіне қарсы, қауіпті жүк вагондарын залалсыздандыруға бағытталған оқу-жаттығулардың барлығы негізінен осы Талас станциясында өткізіледі. Ал облыс жұртшылығы пандустардың пайдасын Батыс аймақтарды тасқын су басып, Жамбыл өңірінен қажетті техникаларды көмекке жіберер кезде айқын сезінген болатын.  

Пилоттық жоба қағаз жұмысын жеңілдетеді

Бірер жыл бұрын Солтүстік өңірлерде темір жол көлігімен тасымалдау кезінде транзиттік декларацияларды автоматты түрде шығарудың пилоттық жобасы енгізілгені белгілі. Электронды жүйе тиімділігін көрсеткен соң, биыл өзге аймақтар да осы жобаға көше бастаған.

Тілектес Байдәулетов темір жол станциялары мен диспетчерлік учаскелерде қозғалыс графигін автоматты түрде жүргізу және талдау үшін енгізіліп жатқан «Гид Урал- ВНИЖИТ» автоматтандырылған жүйесі станциядағы қағаз жұмысын біршама жеңілдеткенін жеткізді.

– Бұл бағдарламаға көшу – қолмен толтырылатын құжаттар тізбесін азайтып, тасымал процесін толық цифрландыруға бағытталған. Әзірге 20-30 пайыздық көрсеткішке жетсек те, қағаз жұмысы азаятынын көрдік.

Жұмыс процесін оңтайландыру үшін электронды жүйеге көшу процестерінің тиімді тұстары көп. Мысалы,  №971 бұйрық бойынша станция басшылары ай сайынғы комиссиялық тексерулер кезінде шойын жолдың, бұрмалардың, станцияның жағдайын қарап, нәтижесін журналға толтыратынбыз. Қазір оны бірден компьютерге енгіземіз. Оны орталықта аппараттағы, филиал бөлімшелеріндегі басшылар кез келген уақытта ашып көре алады. Бұрынғыдай, тексеру қорытындысын жеке-жеке жолдап отырмаймыз, - деп түсіндірді станция бастығы.

Жалпы темір жолда комиссиялық тексерулер көктемгі және күзгі маусымда ғана жүргізілмейді. Әр айдың онына дейін станция бастығы бастаған мамандар жолдар мен бұрмалардың, станциялардың техникалық жай-күйін бақылап, есеп берсе, екінші жартысында филиал бөлімшелерінен шыққан жұмысшы топ зерделеу жұмыстарын жүргізіп отырады екен. Тілектес Ардақұлы Талас станциясы елді мекен ішінде орналасқандықтан, күн сайын таңертеңгі және кешкі уақытта шойын жол бойын аралап өтіп, мал жайып жүрген тұрғындар болса, тоқтап ескерту жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.

Мақсат – мал басу оқиғаларының алдын алу, тұрғындарды қауіп-қатерден сақтандыру. Қауіпсіздік демекші, станциядағы күнделікті жұмыс таңертең ауысымға келген жұмысшыларға нұсқаулықтар мен талаптар бойынша өткізілетін техникалық сабақтардан басталады.  

Тілектес Байдәулетовтің өзі 2025 жылы мамыр айында станция бастығы болып қызметке кірісе сала, бірден қауіпсіздік бойынша арнайы курста оқып, сертификат алыпты. Мамандар да кезең-кезеңімен филиалдар басшылығының тапсырмасымен біліктілік арттыру үшін оқуға жіберіліп тұрады екен.

Жалпы Талас станциясында бүгінде 5 станция кезекшісі, 5 пойыз құрастырушы, 2 тауар кассирі, 5 жүк қабылдап-тапсырушыдан бөлек, Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының – 4, Жол дистанциясының 12 жұмысшысы қызмет етуде. Олар – алды 40 жылдық, одан кейінгілерінің 20-30 жылдық еңбек тәжірибесі бар мамандар.

– Көпшілігі осы салада, соның ішінде Талас станциясында табан аудармай еңбек етіп келе жатқан жандар. Темір жол – тұрақты табыс көзі ғана емес, адал еңбекпен өсудің, кәсіби дамудың жолы. Тараз қаласындағы «За линии» аталып кеткен шойын жолдың арғы бетінде туып-өстім. Күн сайын ағылып өтіп жатқан пойыздар, айналамызда темір жол мекемелері, үйіміздің бір жағында Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі қоныс тепкен. Атам Шу локомотив пайдалану депосында машинист болып жұмыс істеген. Мамандық таңдар сәтте көп ойланып жатпадым, колледжге оқуға түстім. Оқу шебері Гүлжан Керменбаева апайымыз 1-курсты бітіріп жатқанда «кім жақсы оқиды, соны дуальды оқу жүйесі бойынша Астанаға жібереміз, онда жақсы оқып келгенді, жұмысқа орналасуға ұсыным береміз», - деді. Қарапайым отбасынан шыққан бала үшін «еш кедергісіз жұмысқа қабылданасың» деген үлкен мотивация. Барымды салып жақсы оқыдым. Астанаға да барып келдім. Әңгімелесуден өтіп, ұсыным бойынша Тараз станциясына жүк қабылдап-тапсырушы болып жұмысқа қабылдандым. Кейінгі еңбек жолым –  аға жүк қабылдап-тапсырушы, кезекшінің қасындағы оператор, пойыздардың жылдамдығын реттеуші, Астана қаласында жүк қабылдап-тапсырушы, Жүк бөлімшесінің инженері. 2025 жылдың мамыр айынан бастап Талас станциясының бастығы қызметіндемін. Қоспасы жоқ, өмірдің мысалы. Сондықтан жастарға темір жол саласында еңбек етуден қашпауды ұсынар едім, - деп сыр шертті Тілектес Ардақұлы.

Талас станциясы ауласында мол егілген тал-дарағы мен алуан гүлдерімен алыстан көз тартады. Ғимаратының да жақында ғана жөндеу көргені сырт көзге байқалып тұрады. Нысанға ұжым өз күшімен 2025 жылы 4 ай бойы іші-сыртына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіпті. Ал биыл косметикалық әрлеуден өткізіп, айналасын тап-тұйнақтай қылып алыпты. Әрине, күрделі мәселелерді шешуге филиал басшылары мен кәсіподақ ұйымы қолдау көрсеткен.

Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...