Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін

Станция тынысы
07.10.2026, 12:47
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде Шиелі теміржол вокзалы да жаңа келбетке ие болды. Ғасырдан астам уақыт бойы теміржол көлігіне қызмет көрсетіп келе жатқан тарихи нысанның сәулеттік болмысы сақталып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы заманауи талаптарға сәйкестендірілді.  

Шиелі дегенде Сыр бойының шежірелі тарихы мен қайнаған еңбек тынысы еске түседі. Ал осы өңірдің тарихымен біте қайнасып келе жатқан нысандардың бірі – Шиелі теміржол вокзалы.

ХХ ғасырдың басында Орынбор – Ташкент теміржолы магистралінің бойында бой көтерген вокзал 1903 жылдар шамасында пайдалануға беріліп, содан бері жергілікті тұрғындар мен жолаушыларға үздіксіз қызмет көрсетіп келеді. Көне ғимарат – теміржол тарихының ғана емес, Шиелі өңірінің әлеуметтік-экономикалық тынысының да өзіндік куәсі.

Өткен ғасырдың басында іргетасы қаланған вокзал ғимараты өзінің тарихи сәулеттік ерекшелігін әлі күнге дейін сақтап келеді. Шығыс сәулет өнеріне тән өрнектік нақышымен ғимараттың өзіндік келбеті оның тарихи нысан ретіндегі қадірін арттыра түседі. Сондықтан мұнда жүргізілген жаңғырту жұмыстарының басты ерекшелігі – вокзалдың тарихи болмысын сақтай отырып, оның қазіргі заман талабына сай қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтуінде.

Қайта жаңғыртылып жаңарған вокзалдың іші де, сырты да ерекше сәулеттеніп, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалды. Бұрынғы қызметтік орындар кеңейтіліп, бірнеше жаңа жұмыс бөлмелері пайдалануға берілді.  

– Жолаушылардың әлеуметтік қажеттіліктеріне айрықша көңіл бөлінген вокзалда ана мен бала бөлмесі, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы бөлме жабдықталды. Ғимараттың қала жақтағы кіреберісіне мүгедектердің қоларбасын пайдаланатын жандарға арналған көтергіш орнатылып, қолжетімділікті қамтамасыз ететін пандус жасалған. Сонымен қатар вокзалда медициналық пункт қарастырылған. Ғимарат кіреберісіне мүмкіндігі шектеулі жандардың қоларбасын көтергіш құрылғысы орнатылған. Жалпытеміржолшылардың, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін барлық қолайлы жағдай жасалған, – дейді қайта жаңғыртудан өткізіліп, су жаңа қалыпқа енгізілген Шиелі вокзалының бастығы Алмат Досымов.

Ғимарат пен оның айналасының қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмаған. Ғимараттың іші мен сыртына, перронға және жолаушылар платформасына бейнебақылау камералары орнатылып, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі күшейтілген.

Шиелі вокзалында жолаушыларға көрсетілетін қызметтің қалыпты жүруін вокзал ұжымы қамтамасыз етеді. Станцияға аялдайтын 13 жұп пойызынан түскен-мінген жолаушылардың сұранысын қамтамасыз етіп отырған вокзал ұжымының дені – қыз-келіншектер. Вокзал бастығы Алмат Досымов бастаған ұжымның жұмысы сырт көзге қарапайым көрінгенімен, оның артында үлкен жауапкершілік жатыр. Вокзал бастығының кезекші көмекшілері Досмат Оңғаров, Бибігүл Сұлтанбайқызы, Сауле Тұрсынбекова және Гүлзат Палымбетова пойыздардың кестеге сәйкес қабылданып-жөнелтілуіне, жолаушылар қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты жұмыстарды үйлестіреді. Шебер Ғафур Бекжанов ғимарат пен оның айналасындағы техникалық жабдықтардың талапқа сай қызмет жасауын тексеріп, аумақтың жай-күйін қадағалап отырса, анықтама беру жөніндегі кезекшілер Гүлжанат Палманова, Гүлшат Шултикова және Элеонора Сарина жолаушыларға қажетті ақпаратты ұсынып, пойыздарға қатысты сауалдарға жауап береді. Бірі пойыз қозғалысының тәртібін бақылайды, бірі жолаушының сұрағына жауап береді, енді бірі вокзалдағы қауіпсіздік пен тәртіптің сақталуына атсалысады. Сырт көзге бөлек-бөлек көрінетін осы жұмыстардың барлығы бір мақсатқа-жолаушыға қауіпсіз әрі сапалы қызмет көрсетуге тоғысады.

Шиелі вокзалының бір ерекшелігі оның тарихи келбеті мен қазіргі қызметінің өзара үйлесім табуында. Өткен ғасырдың архитектурасы мен заманауи талапқа сай қызмет көрсетілетін бүгін тамаша үйлесім тапқан.  

Жаңарған вокзалдағы жұмыс орындары барлық қызметкерлердің көңілінен шығады. Олар үшін өз міндеттерін мінсіз атқару үшін көптеген   қолайлы мүмкіндік бар.     

 

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды