Исатайда – жаңа вокзал

Станция тынысы
04.09.2026, 09:30
Оқуға 1 мин
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау облысында ГурьевАстрахань темір жолы төселген өткен ғасырдың жетпісінші жылдары бой көтерген Исатай станциясының вокзалы жаңадан салынып, пайдалануға берілді.

Көптен күткен вокзалдың ашылуына ауыл тұрғындары тайлы-тұяғы қалмай түгел жиналып, тамашалады. Жергілікті теміржолшылар, сала ардагерлері қатысқан жиында Исатай ауданының әкімі Н.Мусин, Атырау магистральдық желі бөлімшесінің басшысы А.Қосымбаев станция халқын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.  

Құрылысты жүргізген мердігер – «Теңізмұнайқұрылыс» компаниясы. Вокзал қайта жөндеуден кейін аумағы 129,3-тен 214,65 шаршы метрге дейін ұлғайды. Мұнда шатыр, инженерлік жүйелер, қасбет және ішкі үй-жайлар жаңартылды, жаңа жиһаздар мен жабдықтар орнатылды, іргелес аумақ абаттандырылды. Әрлеу үшін қазақстандық өндірістің заманауи материалдары қолданылды. 

 

Исатай станциясы аудан орталығынан 83, Атырау қаласынан 180 шақырым қашықта орналасқан. Қазақтың күрескер батыры Исатай Тайманов атындағы 4-ші класты станцияда екі мыңға жуық халық тұрады. 11 жылдық мектеп, медпункт, екі балабақша бар. Станция арқылы Исатайды Атыраумен, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан бағыттарымен байланыстыратын 10 жолаушылар пойызы өтеді.  

Салтанатты жиында мердігер компания өкілдері мен вокзал қызметкерлеріне облыс әкімі атынан Алғыс хат табыс етілді.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті