Жиделі станциясының теміржолшылары көнетоз нысанда қатал қысқа төтеп беруге бекініп отыр

Станция тынысы
03.12.2021, 10:47
Асхат Райқұл

Тоғыз жолды тоғыстырған Шу станциясынан Сарышағанға апаратын қос рельсті бойлай жүре берсеңіз, отыз шақырымнан аса бергенде алақандай ғана ауыл көрінеді. Бұл – төртінші класты Жиделі станциясы. Қырық шақты түтіні бар алақандай елдімекен сырт көзге жұпыны. Оңтүстік өңірге қатынайтын барлық пойызды күтіп алып, шығарып салатын шағын станцияның ғимараты сонау Кеңес заманында тұрғызылған. Сылап-сипауымен әрін тайдырмай тұр демесең, ескірген.

«Мен станция басшылығына келгелі он алты жыл. Одан төрт жыл бұрын, яғни 2001 жылы жылу құбыры ауыстырылыпты. Содан бері бір шегесі жаңартылған жоқ, күзгі, көктемгі тексеру комиссиялары келген сайын ахуалды жасырмай айтып келеміз. Бірақ станция ғимаратын жөндеу жұмыстарына қаржы қаралмай тұр. Міне, тағы қыс келді. Ал бұл аймақтың ауа райы қатал, бұрқасын бораны, ызғарлы желі қыс бойы бір тынбайды. Қар қалың түседі», – деді станция басшысы Әнуар Дәулетбақов.

Бір қуанарлығы, станцияның қазандығы электрмен жылытылады. Ауыз суды сусорғыдан пайдаланады. Жиделіліктердің қысқы отыны – көмір. Көмір жеткізуден кедергі жоқ, тұрғындар қыстық отынды уақытылы түсіріп алған. Станцияда екі кезекші еңбек етеді – Ержан Жангутиев пен Асылзат Махамадиев. Екеуі де берідегі Шу қаласынан қатынап жұмыс істейді.

«Жиделінің қысы қытымыр. Осында бірнеше жылдан бері жұмыс істейміз. Қыс жақындағаннан жұмыс орнымыздың есік-терезелерін қымтаған боламыз. Бірақ ағаш материалынан жасалған есік-терезелер ескірген, жылу сақтамайды, суық өткізеді. Осыны жаңалап беріңіздер деп басшылыққа жылда құлаққағыс жасап келеміз», – деген өтініштерін айтады олар да.

Тіршілігі бұйығы ауылдың тынысын ашып тұрған Жиделі станциясының төрт жолын босатпай пойыздар күндіз-түні жөңкіліп жатыр...

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты