Қазалы – кәсіби мамандар мектебі

Станция тынысы
18.07.2023, 09:33
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда темір жолының солтүстіктегі бекеттерінің бірі Қазалы станциясы әлеуеті жоғары, өндірістік жұмыс көрсеткіштерін үнемі асыра орындайтын станция. Мысалы, мамыр айындағы көрсеткіштері 102,8 -285,1 пайыз аралығын құраған.

Қазалы станциясы бастығының орынбасары Руслан Мақашев тек мамыр айы емес, жылдың алғашқы тоқсанына жоспарланған жұмыстардың нәтижелі атқарылғанын айтты. Қазалымен қоса айналадағы шағын бір-екі бекеттердегі жұмыс құжаттарын да рәсімдеп отыратын станциялықтар қашанда қарбалас үстінде. Тәжірибелі станция кезекшілері Өмірбай Қарабеков, Бақытбек Қараев пен операторлар Асылзат Каденова және Ғалия Қадырова станцияға келіпкетіп жатқан пойыздардың кестеге сай қозғалысын реттеумен қатар Қамыстыбас пен Майлыбас бекеттеріндегі қозғалысқа да жауапты.  

– Жыл басынан бері станцияға бекітілген өндірістік жұмыстар жоспары орындалмай қалған жоқ. Мысалы, 1500 вагонға жоспарланған жүк түсіру межесі іс жүзінде 1681 вагонға жетіп, жоспар 112,0 пайызға, 12,32 вагон/сағатқа есептелген құжат рәсімдеу кезіндегі вагонның бос тұруы 10,48 ваг/сағатқа жеткізіліп, меже 117,5 пайызға орындалып отыр. Станция теміржолшылары өз кәсіптерін жете меңгерген тәжірибелі мамандар. Жалпы бекеттегі барлық жұмыстар жоспарлы ұйымдастырылып, тиімді атқарылуы – біздің табыс кілтіміз. Жастарды тәрбиелеуде де қалыптасқан үрдісіміз бар. Өз кәсіптерінің бесаспап мамандары Өмірбай, Асылзат пен Бақытбек бүгінде жас станция кезекшісі Азамат Дәрібаев пен жанындағы оператор Ұлбосын Жүсіпованы кәсіпке баулып, білмегенін үйретіп жатыр. Жалпы, біздің Қазалы – кәсіби мамандар мектебі десек болады, жан жақтағы ірілі-ұсақты станцияларда еңбек етіп жүрген мамандарымыз жетеді, – деді станция бастығының орынбасары Руслан Мақашев.  

Станцияға келіп тоқтаған пойыздардан қажетті вагондарды ажырату, құрамға қосу жұмыстарын шебер атқарып жүрген пойыз құрастырушылар Нұрғазы Өтекеш пен Мейрамбек Құлмұратовтың жұмысы да сүйсіндірмей қоймайды. Станция бастығының орынбасары олар атқарған жұмыстарын шашау шығармай орындайтын ең сенімді пойыз құрастырушылар екенін мақтанышпен жеткізді.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті