Астана жол дистанциясына – 90 жыл

Станция тынысы
08.08.2023, 10:32
Суреттерді түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолшылардың кәсіби мерекесімен тұспа-тұс Ұлттық компанияның іргелі де ірі филиалдарының бірі Астана жол дистанциясы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Магистральдық желі дирекциясы мен Жол және құрылыстар департаментінің басшылары, Ақмола магистральдық желі бөлімшесінің директоры, т.б қонақтар арнайы келіп құттықтады.

Дистанция аумағында киіз үй тігіліп, жасыл желек аясында бірнеше үстелге дастархан жайылып, жолшылар жайғасты. Ардагерлер төрден орын алды. Алдымен сөз кезегі Құрметті теміржолшы, сала ардагері, 1979 жылдан бастап он жылға жуық Астана жол дистанциясын басқарған Жансерік Сағдиевке берілді. Жол мекемесінің сол кездегі ахуалын, тыныс-тірлігін еске алған ардагер өзімен қызметтес болған, бұл күнде бірі бар, бірі жоқ әріптестеріне алғысын білдірді. Ардагердің айтуынша, ол кезде жол мекемесінің жағдайы өте нашар болыпты, жылжымалы құрамның жолдан шығып кету оқиғасы жиі орын алатын болған. Дистанцияның бүгінгі жағдайы өткен ғасырдағы ахуалмен салыстыруға да келмейді. Балдық бағамы жоғары, жол күтімі жақсы, жолшылар жұмысы да едәуір жеңілдеген.  

Магистральдық желі дирекциясының директоры Сәкен Рахметов өз сөзінде жол шаруашылығы Компания бойынша ең күрделі сала екенін атап өтіп, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтаудағы ұжымның әр қызметкерінің еңбегі орасан зор екеніне тоқталды. Жолшылар қауымының еңбегіне табыс, дендеріне саулық тіледі. Және кеше ғана «Құрметті теміржолшы» атағын алған дистанция басшысы Дәурен Қабасты жеке құттықтап өтті. Ақмола магистральдық желі бөлімшесінің директоры Әнуар Қизатов та өз кезегінде ізгі тілегін білдіріп, дистанцияның озат еңбеккерлерін «Адал еңбегі үшін», «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгілерімен, Компания басшыларының Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапаттады. Көп жылғы бейнетінің зейнетін көріп отырған дистанция ардагерлері де назардан тыс қалмады. Саналы ғұмырын осы дистанцияға арнаған Құрметті теміржолшылар Рашид Сатликов, Күлзейнеп Омарова сынды ардагерлерге құрмет көрсетілді. Жол дистанциясының өндірістік көрсеткішін жоғарылатып, жол жағдайын жақсартуға сүбелі үлес қосқан Рашид Сатликов өз кәсібін жанымен сүйген, білікті маман болумен қатар талай жолшының тәлімгер ұстазы болғанын ізбасарлары өз естеліктерінде жарыса әңгімелеп, ардагерге зор құрмет көрсетті. Ал бүгінде сексеннің сеңгіріне шығып, таяққа сүйенген Күлзейнеп апамыз теміржолға он алты жасында келіп, қырық жылдай жол монтері болып ауыр жұмыс атқарыпты. Жеті баланы дүниеге әкеліп, өсіріп жетілдірген ардагер ана.  

Астана ПЧ бастығы Дәурен Қабас өз сөзінде 800 км астам жолға 550 жол монтері қызмет көрсетіп, 400-ден астам әртүрлі қызмет өкілдері еңбек ететін ұжым 90 жылдық мерейтойына жоғары көрсеткішпен келіп отырғанын, жолшылардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлары жалақының өсуімен, әртүрлі ынталандыру сыйақылар есебінен түзеле бастағанын жеткізді.  

90 жылдық құрметіне дистанцияның өнерлі жастары мерекелік концерт ұйымдастырып, өткен жылы ғана пайдалануға берілген спорт алаңында футболдан, сондай-ақ армрестлинг, арқан тарту сияқты спорт түрлерінен жарыс өтті. Сонымен қатар мерейтой құрметіне бильярд залы да ашылыпты.  

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл