Жұмыс қарқыны жоғары

Станция тынысы
04.04.2025, 08:38
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы станциясы – Қызылорда облысындағы ең маңызды теміржол торабының бірі. Станцияның жұмыс кестесі өте тығыз, себебі бұл бекет аудан орталығы мен өндірістік аймаққа қызмет көрсететін стратегиялық маңызы бар нүкте болып табылады.

Өндірістік көрсеткіштерді жоғары деңгейде орындауда қазалылықтар теміржолшылар алдына жан салмайды. Ақпан айының өзінде жүк түсіру жоспарын 136,6 пайызға асыра орындады. Мұндай нәтиже станцияға келетін жүк вагондарының уақытылы өңделуімен, жедел рәсімдеу және құжаттау процестерінің кәсіби деңгейде орындалуымен тікелей байланысты. Сондай-ақ вагонға тапсырыс берушілермен тиімді әріптестік орнату бұл көрсеткіштерді арттыруға оң ықпал еткен.  

Одан бөлек, ақпан айында Қазалы станциясында 78 пойыз бөлшектеліп, 15 пойыз құрастырылды, 4694 вагон ажыратылып, 4592 вагон қайта тіркелді, ал 233 вагон кірме жолдарға жөнелтілді. Бір айда атқарылған жүк тасымалы мен өңдеу жұмыстарының осыншама ауқымды жүктемесін жоғары деңгейде игеру жергілікті теміржолшылардың кәсіби біліктілігін, кәсіби деңгейін айғақтайды.  

Қазалы станциясы бастығының орынбасары Руслан Мақашевтың айтуынша, Әйтеке би кенті мен қаламен іргелес орналасуы станцияда өндірістік жұмыстардың тәулік бойы үздіксіз жүруіне әсер етеді. Ұжым мүшелері бұл қарқынды жұмысқа әбден бейімделген, әрқайсысы өз міндетін мінсіз атқаруға дағдыланған.

– Бізде жұмыс қарқыны қашан да жоғары. Өткен айда өндірістік көрсеткіштерді асыра орындадық. Мысалы, бір жүк операциясы кезіндегі вагонның бос тұру уақытын 7,8 сағаттан 7,12 сағатқа дейін қысқартып, жоспарды 109,5 пайызға орындадық, – деген Руслан Мақашев станция кезекшілері Өмірбай Қарабеков, Мейірбек Малиевтің, пойыз құрастырушылар Мейрамбек Құлмұратов, Мұрат Асылқанның, парк кезекшілері Еркін Үсенбаев, Сакен Ибраев, Асия Мектепова және Талғат Көшекбаевтың еңбегін ерекше атап өтті.  

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды