Қазалы – мамандар ұстаханасы

Станция тынысы
22.07.2025, 08:43
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Орынбор – Ташкент магистралінің бойында жатқан Қазалы станциясы – әу бастан мамандар ұстаханасы атанған маңызды тораптық станция. Теміржол тынысын тоқтатпай, ауысыммен үздіксіз еңбек етіп жатқан қазалылық теміржолшылар өндірістік көрсеткіштерді жоғары ұстап, жоспардан аса орындауды дәстүрге айналдырған.

Өндірістік жұмыс көрсеткіштері бойынша Қазалы станциясы жарты жылдық қорытындыда 104,4 және 163,5 пайыздық межені бағындырып, бөлімше бойынша алдыңғы қатардан көрінді. Станция бастығының орынбасары Руслан Махашовтың айтуынша, биылғы алты айда 111 пойыз құрастырылып, 426 пойыз бөлшектелген. Пойыздардан 27 136 вагон ажыратылып, 28 035 вагон қайта құрамаға енгізілген.  

– Жүк вагондарының құжаттары рәсімделмей бос тұру уақыты 1,40 сағаттан 1,34 сағатқа дейін қысқарып, жоспар 104,4 пайызға орындалды. Бұл – әріптестерімнің уақытты тиімді пайдаланып, нақты міндетті жауапкершілікпен атқаруының жемісі. Сондай-ақ 435 вагонға арналған жұмыс паркін 266 вагонға дейін азайту – өзара үйлесімділік пен кәсіби тәжірибе нәтижесі. Біздің станцияда әрбір теміржолшы өз орнында және кәсіпқой теміржолшының бәрі Қазалыда десем қателеспеймін, – дейді Руслан Махашов.  

Айтса айтқандай, станцияға аялдаған пойыздарды ұршықша иіріп, саралап, сұрыптап, барар бағытына сай жедел әрі дәлме-дәл бағыттап отыратын станция кезекшілері Өмірбай Қарабеков, Мейірбек Малиев, Нұртаңат Бекбенбетов, Бақытбек Қараевтың қай-қайсысы да тәжірибелі мамандар, өз ісінің шеберлері. Олардың әрбір шешімі – нақты есепке, тәжірибеге негізделген, ал орындау тәсілі – кәсібиліктің көрінісі.  

Пойыз құрастырушылар Мейрамбек Құлмұратов пен Асылқан Мұраттың жылжымалы құрамнан керекті вагонды ажыратып, тиісті тұйықтарға бағыттау барысында көрсететін тактикалық әдістері көркемдікпен өрілген шеберлікке ұқсайды. Жедел қимыл мен техникалық сауаттылықтың үйлесімі олардың қызметінің басты ұраны іспеттес.  

Станция парктеріндегі қозғалыс легін талдап, қадағалап отыратын парк кезекшілері Еркін Үсенбаев, Сакен Ибраев және Әсия Мектепова – жұмысты мінсіз ұйымдастыру арқылы вагон айналымының уақытылы жүруіне үлкен үлес қосып келеді.  

Жүк қабылдап-тапсырушылар Данияр Сарқытов пен Бейбітгүл Карбозова – әріптестері атқарған жұмысты құжат жүзінде рәсімдеп, нақтылығын қамтамасыз етіп, тасымал үдерісінің соңғы әрі жауапты буынын тап-тұйнақтай етіп жүргізіп жүрген білікті мамандар.  

Мұндағы өндірістік жұмыс қарқыны уақыт пен тәртіпке бағындырылып, өзара үйлесім тапқан жүйелі процесін көрсетеді. Түйіндей айтқанда, Қазалы станциясындағы әр маманның жұмысы – біртұтас жүйенің ажырамас тетігі. Олар қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, тек нәтижеге жұмыс жасайтын нағыз кәсіби теміржолшылар екенін істерімен дәлелдеп отыр.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті