Сексеуіл станциясы жүк тиеу жоспарын екі есе арттырды

Станция тынысы
20.11.2025, 14:01
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жүк тасымалына қарасты Сексеуіл станциясы – Жезқазған-Арыс-Ақтөбе бағытына жұмыс істейтін аймақтағы негізгі тораптық станцияның бірі. Сексеуіл арқылы өтетін жүк және жолаушы пойыздарының қозғалысы бүкіл Сыр өңіріндегі өндірістің дамуына серпін беріп отыр десек, қателеспейміз.

Жыл басынан бергі он айда Сексеуіл станциясына 2886 пойыз қабылданып, 168 599 вагон ажыратылып, тиісті құжаттары рәсімделіп, нысаналы бағыттарға жөнелтілген.  

– Он ай ішінде маневрлік және пойыздық жұмыстар қатаң тәртіппен орындалып, қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін бірде-бір оқиға тіркелген жоқ. Барлық өндірістік процесс техникалық және еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай жүргізілді, – дейді станция бастығы Абдулхамит Тұрмантаев.

Тек қазан айында станцияға 305 пойыз қабылданып, 17 004 вагон ажыратылып, тиісті құжаттары ретке келтірілген. Ал айлық жоспар бойынша 90 вагонға жүк тиеу көзделсе, сексеуілдіктер бұл межені 97 вагонға жеткізіп, жоспар 107 пайызға асыра орындалған. Ал он айға жоспарланған 316 вагонға жүк тиеу жоспарының орындалуы 714 вагонға жетіп, меже екі есеге жуық артық көрсеткішті бағындырған.    

Сексеуіл станциясының әр қызметкері – өз ісінің шебері. Әр пойызды кідіріссіз қабылдап, дер кезінде жөнелтіп отыратын станция кезекшілері Жаппарберді Әбдірахманов пен Даурен Сидағұлов,  маневрлік қозғалысты шебер басқарып, вагондарды кірме жолдарға бағыттап отырған маневр диспетчері Еркебұлан Қарабаев сынды  теміржолшылар – Сексеуілдің мақтанышы. Пойыз құрамын дәлдікпен құрастырып, станция паркіндегі қозғалысты үйлестіріп отыратын Жәнібек Еспаев пен Қайрат Мұқановтың еңбегі де ерен. Бұлар пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін негізгі буын саналады.

Ал өндірістік көрсеткіштің жоғары болуы вагон құжаттарын рәсімдеп, жүк қабылдап-тапсыру ісін тиянақтайтын Кеңесхан Сариев пен Индира Абсултанова, тауар кассирі Аманкүл Жетесова сынды мамандардың  жұмысына тікелей байланысты десек болады.  

Станция бастығы Абдулхамит Тұрмантаев жыл бойы атқарылған еңбектің нәтижесіне ерекше тоқталып, әріптестеріне шынайы ризашылығын жеткізді. Оның айтуынша, қазан айында 6635 тонна жүк тиеліп, он айлық меже 48 534 тоннаға жеткені – сексеуілдіктердің тынымсыз еңбегінің арқасы.   Станция бастығы құжаты рәсімделмей бос тұратын транзиттік вагондар уақытын қысқарту бағытындағы нәтижелерді де атап өтті. Қазан айында 2,5 сағат деп жоспарланған көрсеткіш 2,3 сағатқа дейін төмендеуі, он айдағы 2,8 сағаттық меже 2,6 сағатқа дейін жетуі – сексеуілдіктердің бұл мәселеге ұсақ-түйек деп қарамай, әр минутты тиімді пайдаланғанын дәледейді.    

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда