Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кедергілерге қарамастан жоспарды асыра орындады

Жүк тасымалы
21.01.2022, 10:36
Оқуға 4 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау өңіріндегі негізгі өндіріс ошақтарының қызметі мұнай өндірумен байланысты болғандықтан, темір жол арқылы тасымалданатын жүк түрлері де негізінен мұнай өнімдері. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша өткен жылы жүк айналымы жүз пайыздан жоғары болды.

Жоспардағы 9633 млнткмнетто 10428,3 млн. ткм неттоны құрап, 108,3 пайызға орындалды. Сол сияқты, вагонның орташа статистикалық салмағы, тиелген вагонның динамикалық салмағы, жүк вагондарының тиелген вагондарға шаққандағы жүрісі, пойыздың орташа салмағы, локомотив жүрісі, яғни, негізгі көрсеткіштердің алтауы жүзден асыра орындалған.

Жоспар бойынша кейбір көрсеткіштердің межеден төмен болуының да өз себептері бар. Алдымен оған орташа жүк тиеудің және тиелген жүк вагондарының кемуі, транзиттік тасымалдың азаюы себеп. Әлемді шарпыған індеттің де әсері бары анық. Әсіресе еларалық экономикалық қарым-қатынасқа ықпалын тигізді. Салдарынан экономиканың негізгі бөлігін құрайтын өңірдегі мұнай өнімдерін өндіру, оны тасымалдау көлемі, құрылыс материалдары мен халық тұтынатын, басқа да тауарлар тасымалы да қалыпты деңгейде тұрақтай алмағанын айта кеткен жөн. Соның ішінде ресурсұстаушылардан қара мұнай өнімдеріне деген тапсырыс бұрынғыға қарағанда төмен болғанын көреміз. Оған пандемиямен қатар нарықтағы ауқымды дағдарыс, мұнай бағасының тұрақсыздығы, өнімнің болмауы және сатып алушылардың төлемқабілетсіздігі де себеп. Мәселен, Тәжік, Донецк темір жолы бағытында жөнелтілетін мұнай өнімдері келісілмеген. Қытайға жөнелтілетін кокс, пропан жүктерін түсіруге конвенциялық тыйым қойылғаны, Қытай аумағында тастанды пойыздардың жиналып қалуы және Ортаазиялық темір жол арқылы өтетін кейбір жүктердің шектелуі де жалпы жүк тиеу көлеміне әсер етпей қоймады. Биыл Қытаймен шекарада ұзын- нан ұзақ шұбалған пойыздардың айлап тұрғаны ешкімге жасырын емес. Енді реттеле бастаған секілді.

Сондай-ақ, «Теңізшевройл» компаниясының Екінші деңгейлі зауыты мен Шикі күкіртті айдау зауытының жөндеуге тұруы да қолбайлау болғаны рас. Атырау мұнай өңдеу зауытында кейбір цехтардың жөндеуге тұруына байланысты жұмысын тоқтатуы да жүк көлеміне әсер етті. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі өндірістік-техникалық бөлім мамандарының айтуынша, транзитті тасымал көлемінің кемуі де байқалады. Бөлімшемен бұрынғыға қарағанда тәулігіне екі пойызға – Қиғаш түйіспесінен 1 пойыз, Құлсарыдан тәулігіне 1 пойыз кем қабылдануда.

Өткен жылда жұмыс вагондарының айналымы азайып, небәрі 88,8%-ды құраған. Себебі вагон тиеуді игермеу, тиелген вагондарды қабылдаудың кемуі, автобұғаттаудың тоқтауы және жылдамдықты шектеуге ескерту берілуі де вагон айналымына әсер етті. Жергілікті вагондар жоспарының орында- луы – 93,7%. Ол «ТШО» ЖШС, «Карат», «АтырауИнжСтрой», «Уральская нефтехимическая компания», «Петрохимикал» сынды т.б. компаниялардың атына келген жүкті Құлсары, Мақат, Махамбет, Ақжайық, Атырау, Аққыстау станцияларында уақытында түсіре алмағандықтан кеміді.

– Оған алдымен жүк қабылдаушылардың өздері кінәлі, яғни кірме жолдардың алыстығы, локомотивтерін күту, түсіру орнының бос болмауы, жүктің қатып қалуы, жұмыс күшінің болмауы, т.б. себептер көп. Пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы 91,7%-ға орындалып, 4,21км/ сағатқа кеміді. Учаскелік және техникалық жылдамдығының ке- муіне Атырау-Қиғаш, Мақат-Сағыз, Мақат-Атырау, Мақат-Құлсары учаскелерінде тәулігіне шамамен 50 жағдайға жылдамдықты шектеуге ескерту берілуі әсер еткен, – дейді жыл қорытындысын саралай келе өндірістік-техникалық бөлім басшысы Болатбек Меңдешов.

Сонымен қатар, Атырау мұнай өңдеу зауытының 10 қаңтар мен 5 ақпан аралығында бірқатар технологиялық қондырғыларының жөндеуге тұруы, осы мерзімде «KEGOC» АҚ желісінде электрожабдықтау бойынша бүкіл облыста дерлік қайта-қайта жарықтың сөнуі де кейбір көрсеткіштер көлемін азайтып жіберген. Қатты желдің екпіні де жылдамдықты шектеуге мәжбүрлейді. Қаңтар айында 34 пойыз кестеден кешігіп келген. Соған орай ақпан айында Мақат-Атырау, Атырау-Қиғаш, Мақат-Құлсары учаскелерінде 43 технологиялық «толаскез» беріліп, электр желілері, ВЛ-СЦБ құралдарын жөндеу үшін автобұғаттау орын алған. Сондай-ақ ДУОМАТ, УНИМАТ, Жейсмар жол машиналарымен жол жұмыстарын жүргізу үшін де сәуір айында 39 технологиялық толаскез алынған. Кей учаскелерде пойыздар қозғалысы автобұғаттауды тоқтатып тастау арқылы жүзеге асырылған, ал ол жылдамдықтың кемуіне әсер етеді.

Жүк айналымының артуына жаңа технологиялар да әсер етуде. Атырау бөлімшесі бойынша 16 станция АСУ ДКР жүйесіне қосылған. Электр энергиясын және дизельді отынды тұтынуды есепке алу, бақылау және талдауда бизнес процестерді кешенді автоматтандыру үшін локомотивтер «Энергиямен жабдықтау пакеті» автоматтандырылған басқару жүйесін пайдаланады. Жүйе машинистің бағытын автоматтандыруға, локомотивтердің техникалық қызмет көрсету аралығын және локомотив бригадаларының жұмыс уақытын есепке алуды да бақылауға мүмкіндік берді. Бөлімшедегі барлық локомотивтер автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды