Украинадағы жағдай Атыраудағы жүк тасымалау қарқынын бәсеңдетіп тұр

Жүк тасымалы
19.04.2022, 10:39
Оқуға 3 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша биылғы жылдың алғашқы тоқсанында жүк айналымы жоспардан төмен болып, негізгі 15 көрсеткіштің тек бесеуі ғана орындалды. Аймақтағы негізгі өндіріс ошақтарының қызметі мұнай өндірісімен байланысты болғандықтан, пойызбен тасымалданатын жүк түрлері де негізінен мұнай өнімдері. Соған сәйкес, кіріс те тасымал көлеміне байланысты.

Бірінші тоқсанға белгіленген пайдаланым жүк айналымының жоспары 2919 млнткмнетто болса, орындалғаны – 2488,3 млнткмнетто, яғни 85,5 пайызды құрады. Ал жоспар бойынша кейбір көрсеткіштердің межеден төмен болуының өз себептері бар. Алдымен, оған жүк тиеудің және тиелген жүк вагонда- рының кемуі, транзиттік тасымалдың азаюы себеп. Қаңтар қасіреті кезінде, яғни 2-6 қаңтар аралығында елде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты, өңірде мұнай өнімдері тиелмеген, ешқандай жүк тасымалы жүргізілмеген. Ал одан кейін Украинадағы соғысқа байланысты экспорттық мұнай өнімдері жөнелтілмей тағы тұрып қалды. Өндірістік-техникалық бөлім инженері Н.Матаеваның мәліметінше, 1 наурыздан бері Украинаға қандай да бір жүкті жөнелтуге және Солтүстік Кавказ темір жолына пропан-бутан өнімін жіберуге тоқтам қою да тасымал көлемінің кеміп кетуіне әсер еткен.

Сондай-ақ, «Теңізшевройл», «Батыс Транс Групп», «Индер Тұз Компания», «Тенгизская Транспортная Компания» ЖШС-мен Мақат, Құлсары, Теңдік, Қарабатан станциялары арқылы экспорттық бағыттағы 356019 тонна болатын пропан, бутан, мазут, кокс, күкірт тиелген 7344 вагон келісілмегендіктен және тапсырыс берушілердің бас тартуы себепті тиелмей қалды. Жүк айналымы үшін айтарлықтай шығын.

Ресей-Украина арасындағы қақтығыс еларалық экономикалық қарым-қатынасқа да ықпалын тигізді. Соның әсерінен, экономиканың негізгі бөлігін құрайтын өңірдегі мұнай өнімдерін өндіру, оны тасымалдау көлемі, құрылыс материалдары мен халық тұтынатын, басқа да тауарлар тасымалы да қалыпты деңгейде тұрақтай алмағанын айта кеткен жөн. Соның ішінде ресурсұстаушылардан мұнай өнімдеріне деген тапсырыс бұрынғыға қарағанда төмен болғанын көреміз. Оған нарықтағы ауқымды дағдарыс, мұнай бағасының тұрақсыздығы, өнімнің болмауы және сатып алушылардың төлемқабілетсіздігі де себеп.

Өткен жылда жұмыс вагондарының айналымы 93,7%- ды құрады, оның себебі вагон тиеуді игермеу, тиелген вагондарды қабылдаудың кемуі, автобұғаттаудың тоқтауы және жылдамдықты шектеуге ескерту берілуі де вагон айналымына әсер етті. Жергілікті вагондар жоспарының орындалуы – 93,7%. Ол кейбір мекемелер мен станцияларда жүкті уақытында түсіре алмағандықтан кеміді. Оған алдымен жүк қабылдаушылардың өздері кінәлі, яғни кірме жолдардың алыстығы, локомотивтерді күту, түсіру орнының бос болмауы, жүктің қатып қалуы, жұмыс күшінің болмауы, бір уақытта бірнеше пойыздың келуі, т.б. себептер көп.

Қатты желдің екпіні де жылдамдықты шектеуге мәжбүрлейді. Өткен үш айда Атырау-Мақат, Атырау-Қарауылкелді учаскелерінде 60,59 сағатқа 38 технологиялық толаскез беріліп, электр желілері, ВЛ-СЦБ құралдарын жөндеу үшін автобұғаттау, сондай-ақ ДУОМАТ, УНИМАТ, Жейсмар жол машиналарымен жол жұмыстарын жүргізу үшін де 18 сағатқа технологиялық толаскез алынған. Сонымен қатар, жолға малдың шығып кетуіне байланысты локомотивті шұғыл тежеудің 146 фактісі тіркелген. Осының бәрі сайып келгенде темір жолдағы жұмыс ырғағының бұзылуына әсерін тигізбей қоймайды.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды