Батыс аймағына биыл 16 мың тоннадан аса көмір жеткізілді

Жүк тасымалы
19.08.2022, 10:24
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Әлеуметтік жүк саналатын көмір мен астық тасымалының жанданатын кезі – күз айы. Оның негізгі тасымалдаушысы – теміржол компаниясы. Соңғы жылдары ҚТЖ көмір тасымалын ұйымдастыруда бірқатар тиімді өзгерістерге қол жеткізіп отыр.

 Көмір тасымалдайтын жылжымалы құрам тапшылығын болдырмау және күз айларындағы жаппай тасымалдау кезінде орын алатын дүрбелеңді жою үшін қатты отын жеткізуді жыл он екі ай тоқтаусыз жүргізу оң шешімін беруде.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Батыс аймақтық филиалында қысқа дайындық жазда, ал жылыту маусымын қажетті көмірмен қамтамасыз ету сәуір айында басталған. Соңғы жеті айда 7085 тонна болатын 104 вагон тұрмыстық көмір және 16 мың тоннадан аса 241 вагон коммуналдық көмір түсірілді.  

Жүк тасымалы бөлімшесі станцияларға көмірдің уақытылы жеткізілуін жіті қадағалап отыр. Қатты отынның белгіленген жерге жеткізіліп, уақытында түсіріліп, вагондар кідірісі орын алмауы бақылауда тұр.  

«Биыл жылыту маусымында қатты отын тапшылығы болмауға тиіс. Көмірді жеткізу тұрақты тәуліктік бақылауға алынған. Тасымалдау процесі, жүк жөнелтушілердің өтінімдерін дер кезінде қамту, вагондардан отынды уақытылы түсіріп, оларды кері қайтару, вагон айналымын кестеге сай жүзеге асыру жұмыстары талапқа сай ұйымдастырылған», – дейді логистика бөлімінің маманы Балмырза Абайұлы.  

Айтуынша, өткен жылы Батыс аймағына 339 вагон болатын 23 мың тоннадан аса тұрмыстық көмір жеткізілген және комму налдық көмір 336 вагонды құрап, 26 мың тоннадан асқан. Биыл жаз енді аяқталып жатқанын ескерсек, көмір тасымалы алдағы күндері бүгінгіден де қарқын ала түсерін болжауға болады.  

Батыс өңіріне қатты отын Солтүстік Қазақстаннан жеткізіледі, Дегелең және Қызылжар станцияларынан келеді. Оны Жіңішке, Ақтөбе, Мәртөк, Шалқар, Әйтеке би станциялары алып отыр.  

Жүк тасымалы бөлімшесінде тұтынушы лармен байланыс жұмыстары да жолға қойылған. Тауар діттеген жеріне жеткізіл геннен кейін станциялармен арадағы келісімшарттар қаралады. Мұның барлығы теміржол көлігін таңдаған тұтынушылар жүктерін тасымалдау кезінде кедергінің болмауы үшін қажет.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды