Көмір тасу бойынша вагондар саны артқан

Жүк тасымалы
13.09.2022, 09:37
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022- 2023 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық сектор мен тұрғындар үшін қатты отынға қажеттілік жоспарын қалыптастырды.

 Жоспарға сәйкес көмірді тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 2,6 млн тонна, тұрғындарға – 7 млн тонна. 9 қыркүйектегі жағдай бойынша көмір қорымен қамтамасыз ету 71%-ды құрап отыр. Жалпы, бүгінде разрездерде көмір қоры жеткілікті мөлшерде және өндіру жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр. Қыс – қыр астында, сондықтан жылу маусымына дайындық жұмыстары да ширатылған. Күнделікті жергілікті атқарушы органдардың, көмір өндіруші компаниялар мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен жиындар өткізіліп, халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізіледі.  

 Халықты қажетті деңгейде көмірмен қамтамасыз ету мақсатында министрлікпен «Қазтеміртранс» АҚ-ның вагондар паркін ұлғайту және көрші мемлекеттерге әлеуметтік көмірді автокөлікпен әкетуді шектеу бойынша қосымша шаралар қарастырылған. Көмір өндіруші компаниялардың жедел деректері бойынша 2022 жылғы қаңтар-шілде айларында 66,4 млн тонна көмір (көмір концентратын қоспағанда) өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106%-ды құрайды, 2021 жылдың 7 айында 62,8 млн тонна болған. Ірі көмір компаниялары бөлінісінде «Шұбаркөл көмір», «Восточный», «Майкөбе-Вест» және «Қаражыра» разрездерінде өндіріс өсімі байқалады.

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты