Мерке станциясындағы тариф көлемі кәсіпкерлерге қолайсыз болып тұр

Жүк тасымалы
20.09.2022, 10:02
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Мерке ауданы – халық тығыз орналасқан Жамбыл облысындағы іргелі аудандардың бірі. Тарихы да терең. Мұндағы қазаны қайнаған кәсіпорындар қанша жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Ауыл шаруашылығы саласының да көрігі қызған.

Меркедегі қант, сыра, май, мұнай өңдеу зауыттарына және жанар-жағармай қоймасына шикізаттар сырттан тасымалданады. Халық игілігіне жұмсалатын тауарлардың бірі темір жолмен жетіп жатса, екіншісі жүк көліктерімен тасымалдануда. Алайда, темір жолмен тасымалданатын тауарлардың тарифі Луговой станциясынан өткен соң күрт көтеріліп кетеді екен. Өйткені, Луговой станциясы мен Шалдавар (Қырғызстанмен шекаралас станция) станциясы арасындағы 41 шақырым болат жол толықтай Қырғызстан теміржолына қарайды.  

Осы мәселені 2015 жылдан бері көтеріп жүрген облыстық мәслихаттың үш шақырылымының депутаты болған, меркелік кәсіпкер Совет Құлмамбетов уақытында жергілікті кәсіпкерлердің жанайқайын Парламент Мәжілісі депутаттарының құлағына да жеткізіпті.  

– Сол жылдары Қазақстан тарапынан Луговой мен Мерке станциясы аралығына екінші теміржол салынып, ол толықтай   Қазақстан теміржолына қарап, оны электрлендіру мәселесі де көтерілген болатын. Бірақ, өкінішке орай, бұл жоба тоқтап қалды. Меркелік кәсіпкерлердің тауарлары Луговой станциясына дейін қазақстандық тарифпен келеді де, одан бері қарай қырғызстандық тарифке ауысып, күрт көтеріліп кетеді. Сондықтан, біздер үшін шикізат тасымалы қымбат болып тұр. Екінші мәселе, шикізат тиелген вагондар Луговой станциясында апталап тұрып қалады. Неге десеңіз, вагондар жиналмай, маневрлік тепловоз қозғалмайды. Ол тепловоздар да  Қырғызстанға қарайды, жағармайды да солар құяды. Кейде тауарларды вагондардан түсіріп, жүк көліктерімен тасымалдап аламыз. Күн сайын ауыр зат, тауар тиелген жүк көліктері жолды талқандап жатыр. Оны ескеріп отырған ешкім жоқ, осылай өзімізге өзіміз зиян жасап, қолда барды дұрыс пайдалана алмай отырмыз, – дейді жергілікті кәсіпкерлер.  

Біз осы мәселенің анық-қанығын білмекке «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы директорының логистика бойынша орынбасары Әділ Түсүповке жолыққан едік.  

– Расында жыл басында ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының тарапынан сауал болып, бұл мәселе қаралды. Сол жолы Мерке қант зауытының шикізат тасымалдау қозғалысының құжаттары зерттелді. Негізінен бүгінгі күнге дейін Қазақстанның ішкі нарығындағы шикізаттар Мерке станциясына дейін қазақстандық тарифпен тасымалданады. Мұндағы бағаны көтеріп тұрған ол – ТМД мемлекеттерінен жеткізілетін шикізат бағасы. Өкінішке орай, импорттық тариф саясатына біз араласа алмаймыз. Бұл – мемлекетаралық мәселе, – деді Әділ Түсүпов.  

Жалпы, Луговой телімаралық станциясынан кейін 36,39 разъезд, Мүнке, Мерке, Шалдавар станциялары толықтай Қырғызстан темір жолына қарайды. Ұзақтығы – 41 шақырым. Мерке станциясынан негізінен Бішкек – Мәскеу, Бішкек – Новокузнецк, Бішкек – Казань жолаушылар пойызы өтеді. «Қырғызстан темір жолы» компаниясы Мерке станциясының бастығы Мақсатбек Шірікбаевтың айтуынша, тәулігіне кейде екі, кейде бес жүк пойызы өтеді екен. Ал станцияда еңбек ететін 20 шақты теміржолышының бәрі – жергілікті тұрғындар.  

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды