ҚТЖ-жүк тасымалы: кәсіподақ өкілдері бас қосты

Жүк тасымалы
23.09.2022, 09:28
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазкөліккәсіп» ҚБ мерейтойы қарсаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бойынша Кәсіподақ кеңесінің отырысы өтті. Оған бірлестіктің Орталық кеңесі және серіктестіктің өңірлердегі кәсіподақ филиалдарының басшылары мен ардагерлері қатысты.

 Отырысқа модераторлық еткен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС кәсіподақ филиалының төрағасы Ермек Төлегенов кәсіподақ филиалы құрамын бекіту және серіктестік бойынша 2021-2023 жылдарға арналған Ұжымдық шарттағы №5 келісімге толықтырулар енгізу туралы баяндаса, Сала кәсіподағы Орталық кеңесінің ағымдағы жұмысы жайында «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев ақпарат берді. Сонымен қатар, Қызылорда, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе, Орал, Семей теміржолының кәсіподақ басшылары өз өңірлерінің атқарған жұмысы жайлы мәлімет берді.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Досбол Құлекеев еңбек жағдайын жақсарту бойынша Ұжымдық шартқа енгізілген өзгерістер туралы әңгімеледі. Оның сөзін серіктестіктің адами ресурстарды басқару және әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Айгүл Мусина толықтырып, Ұжымдық шарт шығындары сметасының әлеуметтік жеңілдіктер бойынша орындалуы туралы мәліметтер келтірді.  

– Биылғы 8 айдағы әлеуметтік жеңілдіктер бюджетінің іс жүзінде орындалу көрсеткіші 3 млрд 609 млн теңгені құрады. Осы жылы еліміздегі 10 санаторийге баруға 5 мың жолдама сатып алынып, бүгінге дейін нақты 3556 қызметкер мен зейнеткер демалып қайтты. Сонымен қатар 7 балалар лагеріне 3650 жолдама сатып алынып, теміржолшылардың балалары жазғы демалысын өткізді. Ерте зейнетке шығу Ережесіне сәйкес 2020 жылдан бері 615 адам зейнетке шығарылды. Машинистердің жасына қарай салалық жәрдемақы төлемі бойынша 40 АЕК-ден, машинист көмекшілеріне 31 АЕК-ден ақша төленді. Теміржолшылар мерекесіне орай серіктестіктің 599 қызметкері моральдық және материалдық ынталандыру бойынша Комиссияның хаттамалық шешіміне сәйкес марапатталды. 25 адам «Құрметті теміржолшы» белгісіне, 100 қызметкер «Адал  еңбегі үшін» төсбелгісіне, 53 адам «Кәсібі бойынша үздік» атағына, 53 адам «Үздік маман», 15 қызметкер «Үздік басшы» атағына ие болса, 15 адамның есімі «Үздік мамандар» құрмет тақтасына ілікті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің Құрмет грамотасын – 150 қызметкер, 195 адам Алғыс хат алды. «ҚТЖ-25 жыл» мерейтойлық медалі 1557 адамға, «Жүк тасымалы» бас директорының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты 476 адамға берілді, – деген А.Мусина серіктестік бойынша Ұжымдық шарт аясында жасалған өзге де жұмыстар туралы жанжақты баяндады.  

Ал адами ресурстарды басқару және әлеуметтік саясат департаменті кадр бөлімінің маманы Әсел Ибраева өңірлік коэффициент туралы толық мәлімет берді. Ол биыл 1 қаңтардан бастап желілік филиалдар қызметкерлерінің жалақысы саралап көтерілгенін, нақтырақ айтқанда, 2-9 разрядтағы қызметкерлер ақысы 40 мың теңгеге, 10-13 разрядтағы жұмысшылар айлығы 35 мың теңгеге, 14-19 разрядтағы қызметкерлер еңбекақысы 30 мың теңгеге өскенін атап өтті.  

Түстен кейін қорытындыланған отырыс жұмысы 16 өңірден шақыртылған ардагерлер мен кәсіподақ белсенділерін «Кәсіподаққа 30 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапаттап, арнайы электронды сағаттар тарту етумен аяқталды. Кеңес отырысына қатысушылар іс-шараның ресми бөлімінен соң елордада жаңадан ашылған Орталық мешітке барып, қаланың көрікті жерлерін аралады.  

 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты