Астық тасымалдау жайы талқыланды

Жүк тасымалы
18.10.2022, 09:19
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ, Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Атамекен» ҰКП бірлескен отырысында биылғы астықты тасымалдау мәселесі талқыланды. Жиынға Қазақстан астық өңдеушілер одағы өкілдері, астық трейдерлері, ірі экспорттау мен экспедиторлар қатысты.

Қазақстанда астық тасымалдаушы вагондар паркі 2014 жылдан бері бәсекелес ортаға берілген. Барлығы 10 мыңнан астам хоппер-астық тасымалдаушы бар, соның негізгі бөлігін «Астық Транс» АҚ басқарады. Жабық вагондар паркінде 17,5 мыңнан астам вагон бар. Соның ішінде азық-түлік жүктерін тасымалдауға жарамды 2 мың жабық вагон «Қазтеміртранс» АҚ меншігінде.  

Биыл қыркүйек айында Қазақстан ішінде астық тиеу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға, экспорт 14 пайызға өскен. Ұнтақталған өнімдерді тиеу республика бойынша 34 пайызға, экспортқа жіберу 87 пайызға артқан. Вагон паркіне сұраныс шарықтау шегіне жететін кезде Қазтеміртранс вагондарына да сұраныс біршама өскен, ал оларды пайдалану бағасы нарықтан 30-40 пайыз төмен.  

Отырысқа қатысушылар вагон паркін тиімді пайдалану, вагондардың орташа айналымы уақытының 60 пайызын құрайтын станцияларда бастапқы және соңғы операцияларды жүзеге асыру кезінде вагондар айналымының уақытын қысқарту, т.б. мәселелерді ортаға салды. Мәселен, тиеу үшін 6 тәулікке дейін, түсіруге 4 тәулікке дейін уақыт кетеді. Астық тиеу демалыс күндері, яғни элеваторлар қос тарифпен жұмыс істегенде немесе жұмыс істемей тұрғанда азаяды. Сондай-ақ элеваторлардың облыс және аудан орталықтарынан алыстығына байланысты кедендік және ілеспе рұқсат беру құжаттарын ресімдеу 4 тәулікке дейін созылып кетеді.  

Вагондардың нормативтік айналымын орындау және олардың тапшылығын болдырмау үшін ҚТЖ ірі жүк жөнелтушілермен бірлесе астық жүктерін бағдарлауды ұйымдастырды, бұл вагондардың жүру жолында қайта өңдеуді болдырмайды және тәулігіне 800 км-ге дейінгі бағдарлау жылдамдығын қамтамасыз етеді.  

Жиын барысында ҚТЖ астық пен ұн тасымалдау үшін бос вагондарды бөлу бойынша елдің жетекші астық өндіруші өңірлерінде жұмыс топтарын құруды ұсынды. Олардың құрамына Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Атамекен» ҰКП өкілдері, жекеменшік вагон операторлары мен жүк жөнелтушілер кіреді. Қатысушылар логистиканы ұйымдастыру бойынша басқа да мәселелерді талқылап, осылай жиындарды тұрақты өткізіп тұруға келісті.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты