Тұрғындардың көмірге деген сұранысы төмендеген

Жүк тасымалы
04.11.2022, 11:08
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбылдық теміржолшылар жергілікті билікпен бірлесе тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету бойынша 31 қазандағы есеппен жоспарды 93,5 пайызға орындады. Көмір тасымалданатын тұйықтардағы жағдай да бақылауда тұр. Бүгінгі таңда облыста көмір сатумен 31 нарық субъектісі айналысады. 35 теміржол тұйығы бар, онда 15 157 тонна көмір түсірілген.

Ал, жалпы 2022-2023 жылдарға өңірге қажетті көмір қоры – 221,1 мың тонна. Оның 60,8 мың тоннасы коммуналдық қажеттелікке, 160,3 мың тонна тұрғындар сұранысына жұмсалмақ. Бүгінде коммуналдық қажеттілікке тиесілі 60,8 мың тонна көмір толық жеткізіліп, жоспар 100 пайызға орындалып отыр. Ал, тұрғындар сұранысын өтеу бойынша керекті көмірдің 145,8 тоннасы жеткізіліп, тасымалдау 91,0 пайызға орындалған.

«ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «ЖТ – Жамбыл бөлімшесі» директорының логистика бойынша орынбасары Әділ Түсіповтың айтуынша, қазірге дейін теміржолмен 304,1 мың тонна көмір жеткізілген. Оның 97,5 мың тоннасы көрші жатқан Қырғызстан республикасына жүк көліктері арқылы тасымалданыпты. Қалған – 206,6 мың тонна өңірге тиесілі қатты отын.

Қазір Жамбыл облысында Шұбаркөл мен Қаражыра маркалы көмірге сұраныс жоғары. Олардың бағасы тоннасына қарай, шалғай елді мекендерге жеткізу құнын қосқанда тоннасына – 18-21 мың теңге шамасында. Жамбыл, Байзақ, Талас, Мойынқұм аудандарында көмір сатумен айналысатын теміржол тұйықтары жоқ. Бұл ауданның тұрғындары Тараз, Шу қалаларындағы теміржол тұйықтарынан көмір сатып алады.

–  2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдерде тұрғындармен тұтынылатын көмірдің көлемі 160,3 мың тоннаға жоспарланды. Былтырғы маусыммен салыстырғанда (188,0 мың тонна) қажеттілік 27,7 мың тоннаға төмендеді. Бұл көрсеткіш 2021 жылы 20 елді мекеннің газдандырылуымен төмендеп отыр, – дейді Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев.

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты