Қазан айында 1 млн тоннадан астам астық тасымалданды

Жүк тасымалы
08.11.2022, 09:22
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазан айында астық пен ұн тасымалы қарқынды жүзеге асты. Нақты сандарға сүйенсек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 1,5 млн тонна астық пен ұн тиеліп, оның 1,2 млн тоннасы экспортқа шығарылған.

Тиелген астық көлемі 1 млн тоннадан асып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 26% артқан. Шетел асқан әлеуметтік маңызды жүктің көрсеткіші де 41% жоғары болыпты. Ал ұн тиелімі былтырғы балама аймен салыстырғанда 32% өскен. Осы арада қазақстандық ұнға да шетелдіктер тарапынан сұраныстың артқанын байқаймыз. Өсім – 75%.  

Теміржолшылар ауыл шаруашылығымен айналысушы шаруа қожалықтарының өнімдерін үздіксіз тасымалдауға атсалысып келеді. Яғни, жүк пойыздарының тұрақты қозғалысы бекітілген бағдардан ауытқымай, уақытылы ұйымдастырылып отыр. Сала мамандарының мәліметінше, қазан айында астық жүктері тиелген 181 маршрут құрылып, жөнелтілген. Оның ішінде 26 маршрут ұн, 155 астық құрамы екен. Ал осы ұйымдастырылған маршруттардың орташа жүру жылдамдығы тәулігіне 670 км құраған.  

Теміржолшылар тасымал үдерісі бұзылмай, осы қалыпта жалғасуына мүдделі. Қазіргі таңда ҚТЖ орталық аппаратында астық пен ұн тасымалын үйлестіру және ұйымдастыру жөніндегі штаб тәулік бойы жұмыс істеп отыр. Ал «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өңірлік филиалдарында вагондардың қозғалысын ұйымдастыру және жөнелтілімдерді бағдарлау мәселелері бойынша жедел астық топтарының тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылған. Ең бастысы, жүк тиеп жөнелтушілер мен қабылдап алушылар вагондарды жүк тиеу-түсіру операциясында ұзақ ұстап қалмай, жедел қимылдаса, құба-құп. Ұлттық тасымалдаушы оператор астық мәселесіне қатысты тараптармен келісімде жұмыс істеуде.  

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды