Осы жылдың 10 айында Алматы ЖТ бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу шамамен 13 млн тоннаны құраса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ке артық, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тиеудің негізгі үлесін құрылыс жүктері (өткен жылға қарай өсім 49%-ке), азық-түлік жүктері (+24%), химиялық заттар (+43%), түсті кен (+17%), ұнтақ өнімдері (+55%) құрайды. Жүктерді түсіру 5,4%-ке өсті. Тәулігіне орта есеппен 950 вагон түсіріледі.

Қытайдың Қазақстанмен шекарасында жүк тасымалдау көлемі 12% -ке артып отыр. Достық-Алашаңқай теміржол өткелі арқылы экспортқа – 7,8 млн тонна жөнелтілді, импорт 3,6 млн тоннаны құрады. Қазан айында экспорттық тасымалдың рекордтық көрсеткіші тіркелді – 900 мың тоннадан астам. Жыл басынан бері Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы ҚХР-ға 2,1 мыңнан астам пойыз немесе 3,3 млн тоннадан астам жүк берілді.

Достық – Алашаңқай өткелі арқылы күн сайын 14-15 пойыз, ал Алтынкөл – Қорғас арқылы – 7- 8 пойыз беріледі.